27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әулиеата жұртында жаңа мешіт ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Киелі Тараз жерінде өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойында тағы да бір жаңа мешіт ел игілігіне берілді.  Бұл туралы «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты. Мешітте азан даусы алғаш жаңғырып, бесін намазы оқылды. Бас мүфти құлшылық ордасына қасиетті Құран кәрім сыйға тартты.

Жуалы өңірінде 2013 жылы жеке кәсіпкер Ринат Тілеубаевтың демеулігімен қазығы қағылған мешітке «Құлый баба» есімі берілді. Көлбастау ауылындағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан құлшылық үйінің сыйымдылығы 200-250 кісіге арналған. Ер және әйелдерге арналған құлшылық залы, имамдар бөлмесі бар, сондай-ақ, діни заттар сатылатын дүңгіршекпен, дәретханамен қамтамасыз етілген. Бас имам қызметіне Мұхтар Сыдығалыұлы есімді діндар азамат тағайындалды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: