26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Халал сертификаты берілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін Алматыда халал өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың басшыларына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал өнімдерін стандарттау бөлімі арнайы сертификат табыстады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бөлім меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев өндіріс ошақтарының басшыларымен кездесу кезінде адал өнім салауатты қоғам қалыптастыратынын айтты.

«Халал өнімді өндіру және дамыту ұлт болашағы үшін өзекті мәселе. Халықтың денсаулығы күнделікті тұтынып жүрген тағамның сапасына тікелей байланысты. Сондықтан, қазіргі уақытта халал өндірісті дамыту өте маңызды. Осы мәселелерді бір жолға қою үшін алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға дайынбыз» деді ол.

Діни басқарма тарапынан берілетін сертификатқа «Қазаққиа» ЖК, «SULU» ЖШС, «DARILIFE» ЖШС кәсіпорындары ие болды.


 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: