27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти Әбіш Кекілбаев музейіне барды (ФОТО)

Бас мүфти Әбіш Кекілбаев музейіне барды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

13 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына сапары барысында Ақтау қаласында орналасқан Әбіш Кекілбаев атындағы өлкетану музейіне ат басын бұрды.

Бас мүфти осы өңірден шыққан біртуар азаматтың бағындырған шыңы, еліміздің саяси өмірінде атқарған рөлі және нағыз талантқа тән қайталанбас тағдырымен танысты.

«Әбіш ағамыз турасында қаламдастары да мойындап, ол кісіні қашанда сергек, қашанда сезімтал, бәйгенің алдынан ғана келетін тұлпарға ұқсатқанын баршамыз білеміз. Өткенде ғана Елбасы дәл осы мұражайға келіп, жоғары бағасын берген болатын. Бүгін бізге де осы музейге келу нәсіп болыпты. Аллаға шүкір деймін. Әбіш ағамыз шынында әдебиет пен қоғамдық, мемлекеттік жұмыстарда өзінің биік қарым-қабілетін көрсете алған үлкен абыз ағамыз еді. Жатқан жері жайлы болсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

abish1

abish1

abish1

abish1

abish1

abish1

Бөлісу: