27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Кувейт және Кипр Республикасына Қазақстанның елшілері тағайындалды

Кувейт және Кипр Республикасына Қазақстанның елшілері тағайындалды

Ел іші
Жарнама

12 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Кувейт мемлекеті мен Кипр Республикасына Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Сатыбалды Ересұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлісу: