27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфтидің Түркістан облысына жасаған арнайы ресми сапарына шолу (ФОТО)

Бас мүфтидің Түркістан облысына арнайы ресми сапарына шолу

Ел іші
Жарнама

28 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған делегация Түркістан облысына арнайы ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қыркүйек айының 26-да ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында салынған Түркістан облысы Сайрам ауданы Арыс ауылындағы «Арыс» мешітінің ашылуына қатысты.

Салтанатты шара алдымен Құран оқумен басталды. Содан соң Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау сөз сөйледі. «Мешіт – рухани һәм тәлім-тәрбие беретін қасиетті орын. Сондықтан мешіт елдің бірлігі мен ынтымағына қызмет етуі қажет» деді Бас мүфти.         

Айта кетейік, «Арыс» мешіті жергілікті тұрғындардың көмегімен салынды. Жаңа мешітке 2300 адам сияды. Мешіттің жылу жүйесі, дәрісханасы, діни қызметкерлерге арналған, сондай-ақ неке және қабылдау бөлмелері бар. Одан бөлек 150 автокөлікке арналған тұрақжайы бар.

arys1

arys1

arys1

Сапар аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысы Сайрам ауданы Арыс ауылында салынған амбулаториялық-емхананың ашылуына қатысты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы әлемге дүрбелең салған індеттің алдын алу барысында емхананың және қажетті дәрі-дәрмектің болуы аса қажет екендігіне тоқталды. Сондай-ақ емхананың аға дәрігері Нурали Яқуповқа ғимарат кілтін табыс етіп, қайырымды һәм ерікті жандардың көмегімен ашылып отырған амбулаториялық-емхананың орны ерекше екендігін атап өтті.

Айта кетейік, бұл емханаға 2430 адам тіркелген. Оларға медициналық алғашқы көмек көрсетіледі. Емханада 5 дәрігер жұмыс жасайды.

Амбулаториялық-емхана құрылысы Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамбердінің ұйытқы болуымен Сайрам ауданы Арыс ауылдық мешітінің ерікті жамағатының көмегімен салынып, пайдалануға берілді.    

emhana1

emhana1

emhana1

Сондай-ақ, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысы, Сайрам ауданының Арыс ауылында «Ел үлесі – пәтерге» акциясының 273, 274, 275 және 276-шы баспана кілтін табыстау шарасына қатысты.

Алдымен Бас мүфти «Ел үлесі – пәтерге» акциясының мән-маңызына тоқталып, көп жылдан бері баспана тауқыметін тартып жүрген жандарға құтты болсын айтып, берекелі қоныс болуын тіледі. Баспана кілтін табыс етіп, өз атынан газ плитасын сыйлап, батасын берді.

Мұнда берілген әр үйдің жер көлемі үлкен. Үйдің бөлмелері кең әрі жайлы. Барлық жағдай қарастырылған: асхана, жатын бөлме, дәретхана мен ғұсылханасы бар. Сонымен қатар, үйдің ауласы қоршалып, темір қақпасы орнатылған.

Айта кетсек, аталмыш үйдің құрылысына Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамбердінің бастамасымен ҚМДБ-ның Түрістан облыстық  «Зекет» қоры өкілдігі, аудандық орталық мешіттің жамағаты қолдап, демеушілік етіп, аз уақытта пайдалануға берілді.  

Арнайы сапарында Бас мүфти Сайрам ауданының Арыс ауылындағы мешітте имамдық қызмет еткен марқұм Мадикарим Құрбанбаевтың балаларына Мүфтият салып берген баспананың кілтін табыс етті.

Игі шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Шерзод Пулатов, ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

Көп жылдан бері дін жолында қызмет етіп, асыл дінімізді насихаттап, түрлі игі шаралардың басы-қасында жүрген Мадикарим Құрбанбаев әлемге дүрбелең салған індеттің салдарынан пневмония кеселіне шалдығып, жуырда қайтыс болды. Артынша өмірлік жан жары да осы жаман індеттен көз жұмған болатын. Өте қиын сәтте рухани һәм материалдық тұрғыдан қолдау мақсатында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында асар әдісімен салынған 5 бөлмелі үйді марқұм М.Құрбанбаевтың артында қалған ұлы Абдулбасидке табыс етті.

baspana

baspana

baspana

baspana

baspana

baspana

baspa

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданының Арыс ауылында жаңа құдық пайдалануға берілді.   

Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы аясында ел игілігіне құдық қазып, су шығарып үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, бұл істің үлкен сауапты амал екенін айрықша атап өтті.

Құдықтың тереңдігі – 130 метр. Ауылдың бұл аймағында су жоқ болатын. Енді бұл құдықтан су ішіп және мешіт ауласындағы бақша өнімдерін суғаруға болады. Айта кету керек, құдық қазу жұмысына «Арыс» мешітінің ерікті жамағаты демеушілік жасады.

Игі шараға қатысқан ауыл ақсақалдары үлкен сауапты іске бастамашы болған Діни басқарма басшылығына алғыс білдірді.

qudyq

Бөлісу: