27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Мешітке Әлихан Бөкейхан есімі берілді

Мешітке Әлихан Бөкейхан есімі берілді

Ел іші
Жарнама

28 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Таяуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойының аясында, Семей қаласының Суықбастау кентіндегі мешітке Алаш көсемі, мемлекет қайраткері,ғалым  Әлихан Бөкейханның есімі берілді, деп хабарлайды alashdin.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Соған орай 27 қыркүйек күні Семей өңірінің бас имамы Асқар Мұқановтың қатысуымен қуанышты хабар мешіт жамағаттарына ресми түрде хабарланып, Әлихан бабамыздың рухына бағышталып, арнайы Құран қатым түсірілді.

–«Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп  өзіне  серт берген Алаш көсемі есімінің мешітке берілуінің тарихи себептері бар. Әлихан бабамыз осы Семей жерінде жүріп, қазақтың болашағы үшін аянбай еңбек етіп, Алаш партиясын құрды. Дегенмен Мәскеуде үйқамақта ұстаған большевиктер асыл ерді Әскери сот коллегиясының шешімімен 1937 жылдың 27 қырқүйегінде ату жазасына кесті. Бүгінгі біздің өткізіп отырған шарамыз дәл осы күнге сай келіп отыр. Алдағы уақытта осы мешіттің ішінен Әлихан Бөкейхановтың еңбектерін жинақтап кітапхана ашу жоспарымыз бар, – дейді Асқар Әбітайұлы.

Кент жамағаты Алаш көсемінің есімін мешітке беру жөніндегі  ұсыныстарына  қолдау көрсеткен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлына алғыстарын білдірді.

semei1

semei1

semei1

Бөлісу: