27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Пітір садақасы мен зекетті HOMEBANK мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады (ФОТО)

Пітір садақасы мен зекетті HOMEBANK мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

23 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті Homebank мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

 Halyk Bank банкінің Homebank қосымшасы арқылы пітір садақа және зекет төлеу қызметін іске қосты. Ол үшін Homebank қосымшасына кіріп, өзіңіз қалаған мешітті іздеу жолағынан тауып, сол жердегі 244 мешіттің бірінің қорына төлем жасауға болады.⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀

Садақаны аудару үшін, қосымшаның "Төлемдер" бөліміне өтіп, іздеу жолағынан өзіңіз таңдаған мешітті көрсетесеңіз жетіп жатыр. Биылғы пітір садақа жан басына 370 теңге болып бекітілді.

 Айта кетейік, пітір садақа мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аудару мүмкіндігі жолға қойылған болатын.

Бөлісу: