27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Киелі мекендерді көргіңіз келсе

Киелі мекендерді көргіңіз келсе

Ел іші
Жарнама

10 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ЗD форматындағы вир­туальды саяхат арқы­лы төрткүл дүниенің түкпір-түк­піріндегі түрлі тарихи ескерткіштермен және ислам дінінің кие­лі мекендерімен таныса аласыз, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz  тілшісі.

Жер жүзін жайлаған жайсыз індет­тің таралу жағдайында халық оқшау­ланып, сақтық үшін карантин талаптарын сақтауға мәжбүр. Дегенмен бұл қолайсыздықтың өзін қалауын тауып, рухани тұрғыдан ой-өрісіңізді кеңейту үшін пайдалануға болады екен.

Осы ретте, Конфес­сияаралық және өрке­ние­таралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы мәдениеттер мен діндердің ғасырлар бойғы бай мұрасы мен тарихын көрсету мақсатында «Әлемдік және дәстүрлі діндердің киелі әрі қасиетті жерлерінің виртуалды турларын» жинақтап, оқырман назарына ұсынады. 

ЗD форматындағы вир­туальды саяхат арқы­лы төрткүл дүниенің түкпір-түк­піріндегі түрлі тарихи ескерткіштермен, оның ішінде ислам дінінің кие­лі мекені – Мек­кедегі Қағ­бамен, Иерусалимдегі – Акшардхам храмымен, Бод­хая буддалық қасиетті орталықпен, Синтоистік Ицуку­симамен танысуға мүмкіндік бар.

Қазақстанда әйгілі «Әзі­­­рет Сұлтан» мұражай ке­ше­­нінің де кереметтерін дәл осылайша виртуалды тамашалауға болады, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи, Рабия Бе­гім Сұлтан, Есім Хан, Гау­хар Ана мазарлары мен Қы­лует жер асты мешітінің көрінісі ұсынылған.

Сондықтан еліміздің қай аймағында болсын, барл­ық қызығушылық таны­тушы оқырмандар өздерінің рухани қа­жеттіліктерін ғы­лым мен техниканың жа­ңалықтарына сүйене отырып қанағат­тан­дыра алады.

Ұсынылған виртуалды турлармен Орталықтың ресми әлеуметтік желіле­рінен танысуға болады:

https://www.facebook.com/NNCIICD/,

https://twitter.com/nncdiicdoffice,

https://www.instagram.com/nncdiicdofficial/?hl=ru.

Бөлісу: