27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Коронавирус: Қайтыс болған кісі діни сеніміне қарай жерленеді

Коронавирус: Қайтыс болған кісі діни сеніміне қарай жерленеді

Ел іші
Жарнама

10 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Алматыда қайтыс болған науқасты жерлеу кезінде оның діни сеніме қарай барлық рәсімдер орындалады, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, Алматы қаласы коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабпен коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеудің алгоритмі жасалған.

"Онда әр сала қызметтерінің өз міндеті бар. Медицина қызметкерлері науқас көз жұмған соң оның денесін залалсыздандырады. Одан ары жерлеу бойынша міндетті  өзге қызмет өкілдері кіріседі. Қаланың санитарлы-эпидемиялық қызметі де жерлеу барысын бақылап отырады. Өлгендерді жерлеу үшін қала сыртында арнайы жер бөлінген.  Жерлеу кезінде науқастың діни сеніме қарай барлық рәсімдер орындалады," - деді Әбілдаев. 

Алматыда кеше сағат 23.50 кезінде қатерлі инфекциядан 1956 жылы туған әйел  қайтыс болған. Бұл Алматы қаласында осы дерттен көз жұмған алғашқы адам. 

                                                                 

Бөлісу: