Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден бастады.
Мемлекет басшысы ақын, ғұлама, бүкіл түркі дүниесіне ортақ рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауидің және кесене аумағында жерленген басқа да тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, құран бағыштады. Зияратқа ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген кесенеде жүргізіліп жатқан кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жөнінде баяндалды.