01
Жұма,
Қараша

һижри

Орталық мешітте жаңа жобаның таныстырылымы өтті (ФОТО)

Орталық мешітте жаңа жобаның таныстырылымы өтті (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

26 ақпан. АСТАНА. UMMET.KZ – ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен кезекті хаттамалық жиналыста биылғы жылды ҚМДБ қызметі аясында «Ислам және отбасы» жылы деп жариялаған болатын. Бас мүфтидің бастамасын қолдау мақсатында, «Нұр Астана» орталық мешіті жанынан «Мұсылман отбасына кеңес беру орталығын» ашу жоспары талқыланып, алғашқы таныстырылымы өтті.

Осыған орай, «Мұсылман отбасына кеңес беру орталығының» жұмыс істеу жоспары елімізге белгілі ғалымдар мен имамдардың қатысуымен жан-жақты талқыланды. Атап айтсақ, ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі маманы Хамзат Әділбеков,  ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі Асқар Мұқанов, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасы меңгерушісі Кеңшілік Тышхан,  ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «Әйел-қыздар» секторы жетекшісі Ақбөпе Қанатқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті профессоры Талғат Жақиянов, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Исламтану кафедрасының профессоры, Phd докторы Шамшат Амангелдіқызы және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті Еуразиялық зерттеулер кафедрасы профессоры Мақсат Алпысбес сынды елімізге танымал ғалымдар қатысып, «Мұсылман отбасына кеңес беру орталығының» алдағы уақытта атқаратын істеріне қатысты тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.

Алқалы жиынға қатысқан ғалымдар қазіргі қоғамда орын алып отырған ажырасу мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, бабаларымыздан ұрпақтар сбаақтастығымен жалғасқан жалғасқан дәстүрлі отбасы институтының өзіндік құндылықтарын қайта жаңғырту жайында келелі сөз қозғады.

Сонымен қатар, аталмыш жиынның талдау жиналысына психолог, заңгер, әлеуметтанушы т.б қоғамның әр саласынан білікті мамандар тартылды. Сондай-ақ, отбасылық тәжірибесі мол қажы-апаларымыз да қатысып, Орталықтың жұмысына өз ықылас-ниеттерін білдірді.

Осы күнге дейін еліміздің барлық мешіттерінде отбасылық мәселеге қатысты жеке сұрақтарымен келуші мұсылман отбасының көптігін жергілікті имамдар да растап отыр. Әлбетте, имамдар  ол сұрақтарға, өзінің құзыреті шеңберінде, діни-рухани қолдау көрсетіп жауап беріп келді. Ендігі кезде, мұсылман отбасылардың сұранысына ие болып отырған мәселені жан-жақты қолға алу үшін, арнайы орталық құрылып, оның жоба-жоспары, мақсат-мүдесі айқындалып, алдағы уақытта ел ішінде кеңінен насихатталып, ауқымы кеңейе түседі деп күтілуде.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

2

3

4

5

6

Бөлісу: