28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Әдістемелік кеңес тиімді әдіске жүгінеді (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Астана имамдарының әдістемелік кеңесі өтті.

«Әс-Сәлам» мешітінде өткен кеңестің кезекті мәжілісінде елорда руханиятының сатылы дамуы, дін саласындағы жоспарлы мақсат-міндеттерді жүйелі жүзеге асыру сынды ауқымды мәселелер қаралды. Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жиынның алғысөзінде деструктивті ағымдардың алдын алып, теріс діни ұғым-түсініктерінің таралуына тойтарыс беру керектігіне баса назар аудартты. «Өздеріңізге белгілі, жуырда Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің саяси-экономикалық дамуымен қоса, қоғамдағы сан қырлы мәселелер мен міндеттер қамтылды. Соның бірі діни экстремизм құбылыстарына қарсы күресті күшейту, жастардың жат ағымнан сақтандыру жұмыстары. Осы мақсатта мемлекет тарапынан діни бірлестіктерге қолдау да білдіреді. Жолдауда айтылғандай, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, оның алдын алу жұмыстары жан-жақты жүргізілуі аса қажет. Әдістемелік кеңесте осы айтылған міндеттер мұқият қаралып, нақты жоспарға жүгіну керек» деді наиб мүфти Н.Тағанұлы. 

Әдістемелік кеңестің жұмыс жоспарына қатысты «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан баяндама жасап, кеңес көтеретін тақырыптар мен мақсат-міндеттерді баяндап өтті. Жиын барысында сонымен қатар «Пайғамбар намазы» атты жаңа кітабын наиб имам Әділхан Серікбай таныстырды. Автор жинақты құрастырып, әзірлеу кезінде көпшілік көкейінде жүрген мәселелер қамтылған кітаптың ерекшеліктерін жеткізді. Ал «әс-Сәлам» мешітінің бас имамы Нұрбол Әбубәкіров Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту Тұжырымдамасының маңызы турасында баяндама жасап, өз ой-пікірін ортаға салды.

Кеңес отырысы соңында қала имамдарына жоспарға сәйкес атқарылуы тиісті нақты міндеттер жүктелді.

Adis1

Adis2

Adis3

Adis4

Adis5

Adis6

Adis7

Adis8

Adis9

Adis10

Adis11

Adis12

Adis13

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: