Құрбан айт мейрамы елордалық тұрғындар мен қала қонақтары үшін сән-салтанатымен аталып өтілуде. «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Құрбан айт мейрамының құрметіне орай дәстүрлі қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Қайырымдылық жасауды көздеген жәрмеңкеге мешіт ұстазы Айгерім Қадыл мен мешіт жанындағы «Жібек» қыз-келіншектер клубы, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай атсалысты.
Қайырымдылық жәрмеңкеде тағамдар, тәттілер, тоқаштар және күнделікті тұтынуға арналған діни заттар ұсынылды. Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету. Жәрмеңкедегі түрлі тәтті тағамдарды «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің әйел жамағаты ұсынды. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с): «Адамдардың ең қайырлысы – өзгеге пайдасы тигені» деген ізгі өсиетіне амал еткен мешіт шәкірттеріне алғыс білдіреміз.
ummet.kz