25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Құрбан айтта ақсақалдарға ақ дастархан жайды (фото)

«Әл-Фараби»: Құрбан айтта ақсақалдарға ақ дастархан жайды (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Құрбан айт мейрамы ерекше тойланып басталды. Айт намазынан кейін дін мен дәстүрді ұштастыра білген мешіт ұжымы қазақы киіз үйде ұлттық тағамдардан ақ дастархан жайып, әсем ән мен тәтті күйден шашу шашып, мерекелік шараның сәнін келтіріп, халықтың қуанышын бөлісті.

Өнер адамдары мешітімізге айттап, қонаққа келген қарт кісілер мен зиялы қауымның көңілдерін көтеріп, қазақы ән мен ұлттық күйлерді нақышына келтіре орындады. Ата-әжелеріміз бешбармақтан дәм татып, қымыз ішіп, ұлттық өнерді тамашалап, нағыз Құрбан айттың қалай тойланатынына куә болды.

Мешіттің бас имамы Нұрлан Рамазанов ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға Құрбан айт мейрамының қадір-қасиеті, діндегі орны жайлы жылы насихат айтты. Осылайша күллі мұсылман қауымы тойлайтын ұлық мерекеде мешіт ұжымы жамағатқа қуаныш сыйлап, мейірімділік пен қайырымдылықтың үлгісін көрсетті.

d4545b1d f77c 43f7 a458 8545e029e754

aebf4634 460b 4913 9665 79599ff7b21e

4c7bcb63 1862 426f be17 b1dc37273f8b


742a068a cd40 49de b453 083a16553eb7

6adf0ae5 b4c0 4c06 a084 10fb85c949c4

ummet.kz 

Бөлісу: