25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Әл-Фараби»: Сектор меңгерушісі әйел жамағатына насихат айтты (фото)

«Әл-Фараби»: Сектор меңгерушісі әйел жамағатына насихат айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде «Ұрпақ тәрбиесінің алтын қазынасы – әйел адам» тақырыбында семинар өтті.

Мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубы мен мешіт ұстазы Айгерім Қадылдың атсалысуымен өткізілген семинардың қонағы ретінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, ұстаз Динара Құтқожақызы арнайы қатысты.

Ұстаз Динара Құтқожақызы мешіттің әйел жамағатына  «Мұсылманның келбеті қандай болу керек?» тақырыбы бойынша көркем насихат айтты.

Уағыз барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмір жолынан ғибратты мысалдар мен хадистер келтіріп, қасиетті Құрандағы жұмсақтық пен мейірімділікке қатысты түрлі сүрелерден талдау жасады.

Сондай-ақ, мұсылман адамның рухани құндылықтарды дүниелік істерден жоғары қою керектігін, мұсылманның уәдесіне берік болуын, жалқаулықтан ада болуымыз керек екенін, жалқаулықтың қасиетті Құранда екіжүзділердің негізгі сипаттарының бірі ретінде сипатталатының тілге тиек етті. Құлшылық жасауда, адамдарға жақсы амал мен жақсылық етуде ең үлгілі мұсылман болуға шақырған сектор меңгерушісі әйел жамағатымен бірге еліміздің тыныштығы мен халқымыздың амандығын тілеп, дұға жасады.

a25e9a84 4a94 42d9 828f de56eeec878b

ec35f1f2 3abd 434d 9988 3f411a67330e

d5bfdd6f bb40 4566 99f4 101c8370a722

5403c5e5 f74b 4efc aaf6 6c3af46994d4

d8ad366c ac1b 4474 8f3e 86a68882c009

ummet.kz

Бөлісу: