«Әбу Насыр әл-Фараби» мешіті үшін жаңа жылдың алғашқы күні сауапты іспен бастау алды.
«Сауап» белсенділер тобының атымтай жомарт азаматтарының атсалысумен, мешіт ұжымының ұйымдастыруымен өткен қайырлы істе көмекке мұқтаж жандар ізгі амалдың жылулығын сезінді. Қайырымдылық жасауда әрдайым алдыңғы қатардан табылатын мешіт ұжымы қаламыздағы мұқтаж жеті отбасын көмірмен қамтамасыз етті. Мешіт ұжымы үшін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсету дәстүрге айналды.
Көмекке мұқтаж қала тұрғындарына қол ұшын беру мақсатында өткен қайырымды істің бұл басы емес. Бұған дейін де мешіт ұжымы «Сауап» белсенділер тобының мұрындық болуымен талай жанның алғысын алып келеді. Көмек алған отбасылар қыстың аязды, салқын күндері жандарынан табылып, қайырымдылық жасаған мешіт ұжымына, жомарт азаматтарға алғыс айтып, отбасыларына амандық тіледі.
ummet.kz