25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

Бас мүфти мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін, қасиетті жұма күні «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатпен жүздесті.

ҚМДБ Төрағасы «Мұсылманның келбеті қандай болу керек?» тақырыбында жамағатқа  жұма уағызын айтты.

«Мұсылман адам Жаратушының алдында міндетті болған құлшылық-ғибаттарын орындаумен қатар, күнделікті өмірде жүріс тұрысында, келбетінде асыл дініміз талап ететін ізгі сипаттарға сай болуы қажет. Қасиетті Құранда Алла Тағала иман еткен жандарды түрлі ізгі сипаттармен сипаттаған. Мысалға,  қасиетті Құрандағы «Әли Имран» сүресінің 133-134-аяттарында Алла Тағала: «Раббыларыңның жарылқауы мен кеңдігі жер мен көктей жәннатына жарысыңдар. (Бұлар) тақуалар үшін әзірленген. Олар – (тақуалар) кеңшілікте де, таршылықта да Алла жолында мал сарп қылғандар. Сондай-ақ ашуларын жұтушылар, адамдарды кешірім етушілер. Алла игілік істеушілерді жақсы көреді», – деген.

Бұл аяттарда Алла Тағала мүминдерге Оның жарылқауы мен жәннаты тақуалар үшін әзірленгенін баяндап, кейін мүминнің келбетіне тән сипаттарды баяндап, олар таршылықта да, баршылықта да қолында барымен өзгелерге жәрдем беретінін, ашуларын ұстай алып, өзгенің кемшілігіне кешіріммен қарайтынын айтқан», - деді Бас мүфти.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейірім мен рақымға толы өмірінен, көркем мінезі мен ізгі қасиеттерінен мысалдар келтіріп, оның әрбір сөзі мен ісі мейірімділіктің аясында өрбігенін тілге тиек етті.

«Мұсылман адам – дін талаптарына бекем, жүрегі таза, өзгелерге жанашыр, дана да білімді, қоғамға пайда келтіруге талпынатын, дүниелік істері мен мен ақыреттік амалдарын қатар алып жүретін тұлға болуы қажет. Ең бастысы әрбір ізгі амалын шынайы ықыласпен, бір Алланың разылығына бөленсем деген ниетте орындап, көзбояушылық пен жасандылықтан сақтануы тиіс. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында Алла Тағала шынайы ықыласпен тек қана Оның ғана ризашылығын қалап жасалған амалдан басқасын қабыл етпейді», – деген» деді Бас мүфти.

Насихат соңында ҚМДБ Төрағасы жамағатты Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) лайықты үмбет болуға шақырып, еліміз бен жеріміздің тыныштығын тілеп, жамағатпен бірге дұға жасады.

4c029b6a 1212 491f be9c 0c6c473a6d65

5ab1fad6 7e57 4d74 9324 d5bd2abe8ead

679a3a91 97fd 4f01 a154 897ea398e375

beb616a7 7e06 4975 8022 3171fc50aa71

dae13062 c3cb 4c5a 874d 9a5e36ec492b

f0cd61a7 825f 47f6 a162 fd0f1feb7acf

fd46cb87 3182 4413 9540 8b32c48bd6ae

a09a93ea 7d0f 4067 94e2 0976579e727e

ummet.kz

Бөлісу: