26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Нұр Астана» жамағатқа «Мейірімділік жәрмеңкесін» ұйымдастырды

«Нұр Астана» жамағатқа «Мейірімділік жәрмеңкесін» ұйымдастырды

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Нұр Астана» мешітінің бастамасымен мешіт жанынан құрылған «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі аясында дәстүрлі «Мейірімділік жәрмеңкесі» өтті.

Оған мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызы мен әйел жамағаты, қыз балалардан құралған шәкірттер толықтай атсалысты.

Қайырымдылық жәрмеңкесінде жамағатқа тағамдар, тәттілер, тоқаштар және мұсылман заттар ұсынылды. Шараның мақсаты – жәрмеңке қаражатымен мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету.

«Жібек» қыз-келіншектер клубы үш бағытта жұмыс жасайды: қоғамдық, мәдени және қайырымдылық. Қайырымдылық бағыты бойынша ұйымдастырылған жәрмеңкедегі түрлі тәтті тағамдарды «Нұр Астана» мешітінің әйел жамағаты ұсынды. Қиналған жанға көмек қолын созу біздің асыл дінімізде ең көркем нәрсе. Жәрмеңкеден түскен қаражатты мешітке тіркелген тұрмысы төмен отбасыларға жұмсау жоспарланып отыр.

Осындай сауапты шараны ұйымдастырған мешіт ұжымына, мешіт ұстазы Әйгерім Қайратқызына және осы шараға белсене атсалықан әйелдер жамағатына Алла разы болсын дейміз.

Jarmenke 1

Jarmenke 3

Jarmenke 4

Jarmenke 5

Jarmenke 6

Jarmenke 7

Jarmenke 8

ummet.kz

Бөлісу: