Орталық «Иманғали» мешітінің және Атырау қалалық әкімдігінің демеушілерді тартуы нәтижесінде кенже баласы сал ауруына шалдыққан Нұргүл Бердіғалиеваға пәтер табысталды.
ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында беріліп отырған баспана кілтін облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы және «Иманғали» мешіті жанындағы «Әжелер академиясының» өкілдері табыс етті.
«Қазақстан бойынша 375-пәтер Атырауда беріліп отыр. Бұл «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырау облысында беріліп отырған 21-үй. Жобаға атсалысқан демеушілерге алғысымыз шексіз» дейді Алтынбек Ұтысханұлы.