Күндердің сұлтаны болған қасиетті жұма Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде қайырымдылық шарасымен нұрлана түсті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қолға алынған «Қайырымды жұма» жобасы аясында өткен «Қайырымдылық – қайырлы іс» акциясында Елордамыздағы 10 мұқтаж отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.
Мешіт бас имамы Яхия Исмаилов жамағатқа жұма күнінің қадір-қасиетін жеткізіп, бүгінгі щараның маңыздылығын айтты. Тұрмыс тапшылығын тратқан жандарға қолдау білдіріп, дұға жасады.