«Сен күйеуіңе жер бол, ол да саған көк болсын»
Жаңа өмір бастаған жас отбасы. Алла елшісінің қызы мұсылман үмбетінің ең ғалымы, ең көп құлшылық ететіні, ең батыры аталған сегіз қырлы, бір сырлы жігітке тұрмысқа шықты.
Әзірет Фатиманың тұлғалық қасиетінен Алла елшісінің тәрбиесінде болғандығын, ал әзірет Алидің бойынан ілімі мен бастылдығы, жомарттығы мен дархандығы, мәрттігі мен кішіпейілдігі – барша жақсы қасиетті бойына сіңірген ерекше тұлғаны, Пайғамбардың күйеу баласын көруге болады.
Әзірет Али мен Фатиманың ақ отауы нағыз үлгілі отбасы еді.
Алла елшісі әзірет Алиге ұзатылып бара жатқан қызы Фатимаға былай деп өсиет айтады:
«Қызым, үйімізден кетіп, өзің үйренбеген басқа шаңыраққа бара жатырсыңү Сен күйеуіңе жер бол, ол саған көк болсын. Сен оған қызметші бола біл, сонда ол да саған қызметші бола білсін. Күйеуіңе жылы қара. Ашулы кезінде үнсіз ғана қасынан кетіп қал. Ашуы басылғанша көрінбе.
Тілің мен құлағыңа ие бол. Күйеуің саған ауыр сөз айтса, айтқандарын елеме, жауап қайтарушы болма. Оған қарсы келме. Әрдайым сенен тек жақсы сөз естісін, жылы жүзіңді көрсін. Осылайша саған жақсы көзбен қарасын.»
Ummet.kz