25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Баланы тамақ жеуге күштеу – ең зиянды нəрсе

Баланы тамақ жеуге күштеу – ең зиянды нəрсе

Исламдағы отбасы
Жарнама

Тамақ тақырыбындағы ең зиянды нəрсе – баланы күштеу. Баланы тамақ жеуге күштеу оның қырсығып, сізді тыңдамауына, ал сіздің де сол үшін ашулануыңызға алып келеді.

Кейбір əйелдер балаларын өте қатты жақсы көргендіктен болар, «Баламның қарны тоқ боп жүрсе екен» деп, əйтеуір, тамақты үсті-үстіне соның аузына тықпалап жатады. Шеше сі сол арқылы қатты жақсы көретінін маңайындағыларға көрсеткісі келеді. Əрине, баласының қарны тоқ болып жүргендігін кім қаламайды. Дегенмен, өте сирек болса да, мынадай жайттар кездеседі. Баланың əке-шешесінің аялы алақанына зəрулігі немесе отбасындағы келеңсіз жағдайлар себепті де бала тамақты көп жеуі мүмкін. Бала көп тамақ жеу нəтижесінде толып, семіріп, ішін жегідей жеген қайғыдан құтылады. Кейде үлкендерге ұнап жататын екі беті топ-томпақ баланың өз ортасында мазаққа ұшырайтыны да белгілі. Денесі толық, ебедейсіз болғандықтан басқа балалардың ойын тобына қосыла кетуі де қиынға соғады. Сондықтан, іштей тартыншақтап, жалғыз жүргенді жөн деп санайды. Ұялшақ болып, өзіне сенімсіздікке беріледі.

Бізді қынжылтатыны, ата-аналардың баласы тамақ ішпей қалса болды, неге деп уайымдап, дəрігерге жүгіретіндіктері де, ал баласы доссыз жалғыз жүрсе, тұйықтау болып, ешкіммен араласпаса, еш көңіл де аудармастан бұл іске енжарлық танытатындықтары. Ал, шынтуайтта, бұлар – нағыз көңіл бөлетін мəселелер.

Бала екі жасын тəмамдағанға дейін үлкен дəрет, үш жасының аяғына дейін кішкене дəрет үшін бұлшық ет жүйесінің жетілуін аяқтайды. Балада жүйке мен бұлшық ет жүйесі əлі жетілмей тұрып, əжетхана төңірегінде тəрбие берем деу – бекершілік. Ал, бұл жайында балаға көрсетілер қысым болашақта оның адамдық дамуында мəселелер туындатуы мүмкін.

материал «Балам жақсы болсын десеңіз» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: