21
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Отбасындағы ұрыстан құтылудың керемет әдісі

Отбасындағы ұрыстан құтылудың керемет әдісі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бірде Әбу Муслим Хәулани бір топ кісінің әңгімесін естіп қалады. Олар бір-біріне әйелдерін айтып шағымданып жатты. Әбу Муслим әңгімелерін тыңдап үнсіз тұра береді. Мұны байқаған бір кісі оған:

– Сен неге үндемейсің? Әлде әйелің әулие ме? дейді. Әбу Муслим:

– Жоқ, менің де әйелімнің кемшіліктері жетерлік, – дейді.

– Онда онымен қалай тіл табысып жүрсің?

– Менде түсініспеушілік пен жанжалдан қашып құтылудың өзіндік әдісі бар.

Жиналғандардың барлығы жалт бұрылысып:

– Ол қандай әдіс? – деп сұрады. Сонда Әбу Муслим:

– Ақыл мен ашу бір жерде өмір сүре алмайды. Ашу адамның санасын жаулап, ақыл-есінен айырады. Бұл мәселеде әйелім екеуміз келесідей келісім жасадық: ашуланған адам ақыл-есі дұрыс емес адамның іс-әрекетін жасайтын болғандықтан, мен ашуланғанда әйелім менің дәрігерім іспетті болады: маған түсіністікпен қарап, «айығып» кеткенімше қас-қабағыма қарайды. Ал егер ол ашуланатын болса, мен де өз «емделушіме» бар жағдайды жасаймын. Міне, осылайша біз тату-тәтті өмір сүріп келеміз, – деп жауап береді.

материал «Ең бақытты әйел» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: