28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Ерлі-зайыптылар жұмақта бірге бола ма?

Ерлі-зайыптылар жұмақта бірге бола ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Сүйген адамдардың бірге болуы – дүниелік нығмет. Ақыретте иман келтірген ерлі-зайыптылар жұмақта бірге болады.

«(Олар) Адн жұмақтарына кіреді. Әкелерінен, жұбайларынан және балаларынан жақсылары өздерімен бірге болады» («Рад» сүресі, 23-аят). Әйел кәпір болса тозаққа түседі, жұмаққа бара алмайды. Күйеуі кәпір болса тозаққа түседі, ал әйелі иман келтірген еркектерге мұра болып қалады.

Иман келтірген ерлі-зайыптылар туралы Құранда былай делінеді: «Жұбайларыңмен жұмаққа кіріңдер.сол жеде күтіліп, қуандырыласыңдар» («Зухруф» сүресі, 70-аят), «Олар жұбайларымен көлеңкелерде, тақтардың үстінде отырады» («Ясин» сүресі, 56-аят), «Анығында, жұмақтықтар ол жерде бір-біріне барып тұрады», Рухтар жиналған жамағаттар сияқты. Олардың (бұрыннан) таныстары араласып, таныс еместері бөлінеді, «(ашуланған кезде ашуын жеңгендер (ақыретте) қалаған хор қызын таңдай алады».

«Әркім сүйгенімен бірге болады» деген хадис бар. «Өзімен тең-құрбы сүйіктілер болады. Бұл айтылғандар, оңшылдар (амал дәптері оңынан берілгендер) үшін» («Уақиға» сүресі, 37-38 аяттар), «Кімде-кім Аллаға және пайғамбарына мойынсұнса, міне солар пайғамбарлармен, сыддықтармен, шейіттермен және ізгілермен бірге. Олар қандай жақсы жолдастар» («Ниса» сүресі, 69-аят).

Бұл бірге болу бұ дүниеде, барзахта және ақыретте, яғни үш жерде жүзеге асады. Үш әлемде де әркім сүйгенімен бірге болады. Бір-бірін сүйген ерлі-зайыптылар бұ дүниеде бірге болмаса да ақыретте бірге бола алады.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: