25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шәкерім: Бұған нанбайтұғын ешбір қисыны жоқ

Шәкәрім: Бұған нанбайтұғын ешбір қисыны жоқ

Күдікпен күрес
Жарнама

Уа, достар, қашан қиямет болғанда Алла Тағала бұрынғы-соңғы барша адам баласын тірі күніндегі денесінен қалған бір әсерінен денесін қайта жаратып, жанын денесіне кіргізіп, тірілтіп, махшар майданына, яғни тексеріп сұрау алатұғын орынға жаяды.

Бүйтіп тірілмек қалайша мүмкін болады демек бек ақымақтық болады. Оның үшін осынша барша ғаламды басында жоқтан бар қылған Алла Тағала өліп қалған дененің не иісі, не тозаңы дегендей бізге көрінбейтұғын бір әсерінен бір зат қалдырып, содан қайта жаратуға құдіреті жетпей ме? Қасқыр жесе де, отқа күйсе де, одан бір әсер қалдыра алмайды дей алмайсыз. Бұған нанбайтұғын ешбір қисыны жоқ. Және бұған аят дәлел, Құранның бастан-аяқ бар сөзі осыған дәлел болады. Ақыл дәлел жоғарыда да айтылған. Тірілтіп, тексермейтұғын болса, дүние бір ойын сықылды болады. Және басқа бір денені жаратып, соған рахат пен азап көрсетуге делінсе, ол да лайық емес.

Мұсылмандық шарты кітабынан

Бөлісу: