25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жат ағымның ықпалына түскендерді сауықтыру әдістері

Жат ағымның ықпалына түскендерді сауықтыру әдістері

Күдікпен күрес
Жарнама

«Террорист болып тумайды, террорист болып шығады» дейтін сөз санада сан сұрақ тудырады.

Террористік ұйымдар қандай құндылықтарды басшылыққа алады? Жұмыс күшін тарту процесі халықты террорлық қызметке тартудағы негізгі сәттердің бірі болып табылады. Бұл кезде иедологиялық және психологиялық тәсілдердің көмегімен санаға қажетті ұстанымдар сіңіріледі.  Бұл тәсілдер сана мен ерік-жігерді «тосқауылдап», оны террорлық ұйымның мақсатына сай өзгертуі мүмкін.

Бастапқы кезеңде барлық деструктивті табынулардағыдай террорист әр адамның негізгі үш қажеттілігін пайдаланады: қауымдағы қажеттік, айналасындағылар үшін құрылымдану және маңызды болу, яғни, өзіндік сәйкестену, өзін-өзі дәлелдеу және өзін-өзі жүзеге асыру.

Радикалды діни ұйымның мүшелерін тарту жастармен жұмыс жүргізілетін жерлерде айқын көрінеді. Негізінен олар жастарды «әлеуметтік аутсайдерлердің» қатарынан тартуға тырысады. Дегенмен зиялы қауым, ғылыми қызметкерлер мен студенттер арасынан шыққандар да кездескен.

Психология тұрғысынан алғанда тәкпіршілер – осы әлемнен толығымен бас тартқан, өлімге ұмтылған және оларды тоқтату өте қиынға соғатын зомби адамдар. Мысал үшін 2004 жылы Ташкентте өзін-өзі жарып жіберген тәкпіршілердің бірі үнемі сағатқа қарап, тезірек «шахид» жасауға асыққан.

Дж.Поуст топтың ісі – «идеология» - үлкен маңызға ие, бірақ ол топқа кірудегі негізгі мотивация емес дейді. Ол саналы түрде және ашық мотив арқылы көрінетін логикалық негіз. Оған кірудегі негізгі себеп әлдеқайда терең, жеке сипатқа ие және жеке тұлғалардың өзінде, тұлғасын танытуда, әсіресе осы топқа жататындығын көрсетуде жатыр.

Террористік құрылымдарға тартудағы ең басты дүние бұл оларға «жұмақ пен қор қыздарының қасында болатын мүмкіндікті» уәде ететін әлдебір күй.

Осылайша тұлға өзінің террорист ретінде қалыптасуында бірнеше кезеңнен өтеді:

  1. Террорлық қызметке негізінен белгілі бір бейімі бар адамдар барады (агрессивті мінез, көпшілігінде психологиялық жарақат салдарынан тұлғалық ақау табылады, физикалық кемшілік, білім деңгейінің төмен болуы). Сондай-ақ әлеуетті терроршылардың ортасын әлеуметтік мәртебесі төмен адамдар да толтыруы мүмкін (материалдық-қаржылық қиындықтарға тап болған, әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілмеген отбасылардан шыққандар);
  2. Бұл факторлардың барлығы тұлғаның ерте әлеуметтенуіне алып келеді. Әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етілмеген отбасыдан шығып, жақсы мамандық алуға мүмкіндігі болмай «әлеуметтік аутсайдерлер» болып шығады. Ерте әлеуметтену тұлғаның криминал жолына түсуіне де ықпал етеді. Бұл жол негізінен агрессивті тұлға типін қалыптастыруға әкеледі. Бұл көптеген жағдайларда мінездің біртіндеп нарцистік өзгеруіне ықпал етеді.
  3. Тұлғалардың басқа санаты өз-өзіне деген бағасының төмен болуынан, әлеуметтік қатынастар жүйесіне қосыла алмауынан іштей тұйықталған ашулы тұлға типі (этикалық интроверттер) ретінде қалыптасады.

Екі жағдайда да біз тұлғаның белгілі бір әлеуметтік-психологиялық өзгерістерімен ұшырасамыз.  Сондай-ақ негізінен террорлық ұйымға интелектісі төмен адамдардың кіретінін айта кету керек;

  1. Соңында бұл процестер қорғаныс реакциясы ретінде тұлғаның санасында өзінің «Менін» қорғауға деген шектен тыс ниет пен достарының, туыстарының және басқалардың көзінше өзін мойындатуға немесе өзін ренжіткендерге яғни қоғамға, мемлекетке және т.б. кек қайтаруға деген ниетінің пайда болуына ықпал етеді.

Осы арадан терроризмнің «идеялық абсолютизм» мотивациясы, өзін-өзі мойындату немесе «жастық романтика» ниеті шығады;

  1. Бұл идеологиялық бағытты іздеуді, яғни өзін-өзі танутуға деген ұмтылысты алғышарттайды. Тұлғаның дінге кіруі келесі форма бойынша жүреді: «өзін дінде жақсы көру», діни сана оның ұлы мақсат жолында қалай ұлы істерді жасауы формасында қалыптасады. Тұлғаның санасында «батыр», «ұлы іс үшін азап кешкен» адамның бейнесі қалыптасады.
  2. Келесі кезең топтың өзіндік үйлесімді қалыптастыру – «ортақ мақсатқа ұмтылған адамдарды біріктіру» болып табылады. Террорлық топпен сәйкесу мұндай адамдарға әлеуметтік рөлді қамтамасыз етеді. Әрі қарай дөрекі қылықтар жасау арқылы тұлға топта өзін-өзі мойыдатуға, белгілі бір тұлғалық қасиеттер көрсетуге тырысады. Топтық сана басымдық алып, топқа қарсы кез келген агрессия өзіне қарсы жасалған іс-әрекет ретінде қаралады.
  3. Сондай-ақ басын өлімге тіккен адамның тұлғасында тереңдетілген діни дағуаттармен «Алланың алдында өз кінәсін жуу және өзінің есімін тазалау» ниеті болады. Палестиналық келіншек Вафе Идрис өзін некесіз қарым-қатынасқа барды деп айыптаған соң өлімге барған. Екі баланың анасы, 22 жастағы Рим салах Риаши де осы себеппен өлімге бас тігіп, 2004 жылы Газадағы «Эрез» КПП өз-өзіне қол салды. Бұл қолдарынан келген соңғы істері арқылы өзінің әлеуметтік мәртебесін көтеруге деген ұмтылыс.

Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен адамдарға психологиялық сауықтыру әдістерін жүргізген кезде біз аталған факторларды ескеруіміз керек. Бұл арада психологиялық сауықтырудың сәттілігі нақты қандай факторлардың ол адамдардың деструктивті діни ағымдарға кіруіне ықпал еткенін анықтауымызға байланысты болады.  

Десек те, психологиялық сауықтыру адамды толықтай қалыпты өмірге қайта әкеледі деп айта алмаймыз. Сауықтыру кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс. Психологиялық сауықтырумен қатар біз діни-идеологиялық, әлеуметтік сауықтыруды жүргізуіміз керек. Осындай жағдайда ғана біз нақты әрі өзіміз қалаған нәтижелерге қол жеткізе аламыз.

Дереккөз: Астана қаласы әкімдігінің дін істері мәселелерін зерттеу орталығы

Бөлісу: