25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жетпіс түрлі ауруға ем көкөніс

Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бірқатар хадистерінде сарымсақтың өте пайдалы екендігін, оны емге жарату керектігін білдірген: «Сарымсақ жеңдер, сонымен емделіңдер. Өйткені ол жетпіс түрлі ауруға ем»; «Сарымсақ немесе пияз жеген кісі  (иісі кеткенше мешіттерімізге жоламасын, үйінде отырсын)».

Білім – амалдың негізі

Асыл дінімізде білім алудың маңызы ерекше. Өйткені білім – амалдың негізі, мінездің басшысы және түзетуші құралы. Амалсыз білімнің пайдасы болмайтыны секілді, білімсіз амалдың да еш пайдасы болмайды. Білім мен амал – бірін-бірі толықтырушы, бір-бірінен ажыратуға болмайтын егіз ұғым.

Сүндет және қазіргі медицина

Сүндеттеу медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. сіrсumсіsіо — дөңгелете кесу) деп аталады. Оның тарихына қарасақ, б.э.д. 2500 жылдары ежелгі Мысыр елінде кең қолданылғандығын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғандығы - осының айғағы. Тіпті, ол көптеген Африка елдерінде де баланың есею нышаны ретінде қалыптасқан.

Қарахан дәуірінде аударылған Құран

Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігін» зерттеп жүрген соң ол дәуірді кеңінен тануым үшін Қарахан дәуірінде хатқа түскен барлық жазбаны қарауым керек болды. Зерттеу барысымен Түркияда жүргенде «Қарахан мемлекеті кезінде Құранның көне түрік тілінде аудармасы жасалған» дегенді оқыдым. Бұл мәлімет бізді еріксіз таң қалдырды.

Діни білім алу маңызды ма?

Дәл бүгінгі күні біздің өмір сүріп жүрген ортамыз немесе біздің қоғамда көп адамдар дінді тек мешіттегілер ғана ұстанып, солар ғана уағыздауға тиіс, жалпы дін мәселесі солардың ғана ісі деп ойлайтын сияқты.

«Патша Құдай» мен «Шын Құдайдың» айырмашылығы неде?

Жекелеген ойшыл қалам қайраткерлерінің еңбектерінде Алланың атына байланысты синтагмалық тіркестерді байқаймыз (Бұл жайлы «Шын Құдай кім?» атты мақаламызда кеңірек баяндағанбыз). Солардың қатарында «әкелі-балалы» Абай мен Шаһкәрім де бар. Хакім еңбегінде «Патша Құдай», қажының өлеңінде «Шын Құдай» деген тіркестер кездеседі.

Омартадағы жазу

1982 жылдың тамыз айы. Түркияның Қайсари облысының Яхиялы ауданына қарайтын Қаракөй ауылында бір таңғажайып оқиға болды.

Досай Кенжетай: Дін және ғылым

Дін мен ғылымның  арақатынасының тарихы күрделі және қақтығыстарға толы. Ғылыммен соқтығысуы аз да болса саясатта, өнерде, адамгершілікте және басқа да  мәдениет салаларында орын алады. Дінге қарсы атеистік әдебиеттерде ғылым жарықпен, сәулемен, ал дін – қараңғылықпен және надандықпен теңестіріледі. Әрбір кеңестік кезеңдегі оқушы мен студентке ең көп тараған, басшылық еткен идеологияның стереотипі күнделікті санадан орын алды.

Шәкәрімнің үш анығы нені білдіреді?

Шын мәнінде, үш анықтың не екенін Шәкәрімнің өзі шығармасының басында-ақ былай деп ескертіп, аяғында тағы қайталайды.