25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мәшһүр Жүсіп неліктен тақиясына үкі тағып жүрген?

Мәшһүр Жүсіп неліктен тақиясына үкі тағып жүрген?

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Ақын, фольклоршы, ғалым, ағартушы, этнограф, шежіреші, публицист, дін ғұламасы Мәшһүр Жүсіп туралы сериялы мақала жазуға болар, шығармашылығы бірер зерттеу кітапқа арқау болар. Алайда біз бүгін осы бір тұлғаның қалыптасу жолы мен басындағы үкісінің құпиясына ғана тоқталмақпыз. 

Мәшһүр Жүсіп сегіз жасында дін білімін ғана емес, “Қозы Көрпеш Баян сұлу”, “Ер Тарғын”, “Төрт жігіттің өлеңі” секілді  қисса дастандарды да жатқа соғады. Айналадағы жұртшылық: “Көпейдің бір баласы – сайрап тұрған бұлбұл. Сөйлеген сөзі, айтқан өлеңі кісінің мейірін, құлағының құрышын қандырады. Ағып тұрған бұлақ, жанып тұрған шырақ” деседі. 

Бірде хазіреттің үйіне түсіп, сәлем беріп, қонақ болған аға сұлтан Шорманның Мұсасы да атына қанық Жүсіпті тыңдап көрмек болады. Сөзге шешен, тілге ұста кіп-кішкентай Жүсіптің өнеріне сүйсінбеген жан қалмайды.  Сол мәжілісте Мәшһүрдің әкесі Көпей де болыпты. Ол кісі жылы жүзді, жұмсақ сөзді, таза құлықты болғандықтан, уақытындағы қариялар ол кісіні “сопы” деп айтысады екен. Мұса дуанбасы Көпейге “Сопы, мына балаңа мұнан былай үкі тақтырып қойыңыз. Көз-тілге шет болмасын! Бұл өз заманында халыққа Мәшһүр болатын бала екен!” – деп жылы лебіз білдіріпті. Шорманның Мұсасының аузы дуалы боп шықты. Халық бар-жоғы 8 жасынан “Мәшһүр Жүсіп” атай бастады.Және сол кезден бастап тақиясынан үкісін тастамапты. Оның неге тағатынын сұрағандарға:“Үкі неге тағады, білесің бе? Жүйрік атқа тағады, қыран құсқа тағады, сұлу қызға тағады. Мені өзің солардың біреуінен кем деп отырсың ба?”– дейтін көрінеді. Расымен де, білетіндер заманында Мәшһүр Жүсіп сұлу сөздің иесі, жігіттің қыраны болды деседі. 

материал «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: