01
Жұма,
Қараша

һижри

«Қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім деген ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді» (Ы.Алтынсарин).

 Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді. «Анасын көріп қызын ал» деген қағиданы қатаң ұстайды. Яғни, болашақ құдасын орынды жерден, жақсы кісілерден, аталы, іргелі ауылдан қарайды.

Құтты қонақ келсе, қорасындағы жалғыз «қарасын» сойып, мейманын төрге шығарып, қазан көтеретін халқымыздың қонақжайлығы төрткүл әлемге  аян. Тіпті, ата-бабаларымыз ел басына күн туған алмағайып замандар болып, өздері ішерге ас таба алмай отырса да босағадан аттаған қонағын құдайындай сыйлап, қонақжай қалпынан танбаған. Сондай-ақ, ата-бабаларымыз мейманына жөн-жоралғысымен табақ тартып, өзінің сый-құрметін көрсете білген. Заманының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың дерегіне сүйенсек, табақ тарту әлемде екі-ақ елде ғана бар екен.  Бірі – қазақта, екіншісі – Африканың бір аймағында. 

«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», - деген ұлы адамдар. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. Оның көркем үлгілері әлемнің этнографиялық мұражайлары мен көрмелерінен орын алған. Ұлт мәдениетінде бағалы киімдер сый-сыяпат, дипломатиялық қатынастарда ескерткіш, белгі ретінде жүрген. Ат, шапан құрметтеудің көрінісі деп бағаланған.

Саятшылық, яғни құс салып аң аулау өнері де қазақ өміріндегі сирек кездесетін қызықты салт. Мұндай адамды құсбегідеп атайды. Құстың «тілін» білетін және оның мінез-құлқын, жан дүниесін, қасиеті мен табиғатын білетін адамдар бұрын көп болған. Олар қазір де бар, бірақ сирек кезедседі.

Халық өлшемдері – ұлт мәдениеті мен этнографисының қызықты салаларының бірі. «Халық айтса қалып айтпайды» дегендей, халық өлшемі – анық өлшем десек, қателеспейміз. Өйткені оны ата-бабаларымыз бірнеше ғасырлар бойы қолданып, сол арқылы өлшем негіздерін жасаған. Халық өлшемдерінің негізгі түрлері мыналар:

Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған.

  Қазақ халқы асқа, тағамға үлкен мән берген. Халқымыз кәделі әрі орны бөлек тағамдарын ет пен сүттен жасаған. Қымыз, шұбат сияқты шипалы тағамдар батыс елдерінде мүлде жоқ. Бұл – біздің халқымыздың ерекшелігі.

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?

                                                                Абай.

  Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі-шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.

Ел-жұртымыздың мәдени-тұрмысы мен рухани зердесінде кәдімгі қамшымыз ерекше орын алып келген. Бұл күндері оған тереңірек ой жіберсек, осы бір шағын ғана дүниенің атқарар қызметі сан алуан.

Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы.