01
Жұма,
Қараша

һижри

Ең жылдам қабыл болатын дұға

Ғибратнама
Жарнама

Алла Тағала – әрдайым сырлар мен сыбдырларды Естуші, жасырын мен әшкерені Көруші, жүректер мен жағдайлардан Хабардар. Дей тұрғанмен, Жаратушымыз кейбір уақыттар мен жағдайларды ардақты етті әрі сол уақыттарда жасалатын құлшылықтар, дұғалар Алла үшін басқа уақыттарға қарағанда артығырақ әрі сүйіктірек.  Бұл жасалған дұғалардың қабыл болу мүмкіндігі де жоғары.

Ал бұл амал – өзгеге жақсылық тілеу арқылы, өзіңізге де жақсылық  тілеуді, жүректі тазартуды, мұсылмандармен бауырластықты нығайтуды насихаттайды. Муслимнің сахих хадистер жинағында мынадай хадис бар: «Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл болады. Мұсылман бауыры үшін тілек айтқанда, періштелер: «Әумин, Алла саған да бауырың үшін сұрағаныңды берсін» дейді екен.

Ал Бұхари: «Ең жылдам қабыл болатын дұға – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді. Бұл – оның көзінше жасалған дұғадан да артық.

Сонымен қатар, Тирмизи «Екі дұғаның Алламен арада бөгеті болмайды. Біріншісі – жәбір көрген адамның жасаған дұғасы. Екіншісі – мұсылманның бауыры үшін жасаған жасырын дұғасы» деген хадисті келтіреді.

Бөлісу: