24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әулие кісінің оразасы неге бұзылды? (ғибратты оқиға)

Әулие құлдардың оразасы астан тыйылумен ғана шектелмеген. Олар ауыз бекіткенде бойды барлық жаман қылықтардан аулақ ұстап, рухани тазалыққа көп көңіл бөлген.

Ешбір жақсылық ескерусіз қалмайды ( ғибратты оқиға)

Бұл оқиға Иракта болған. Мұсылман әйел күйеуінен айырылып, үш баласымен қалып қояды. Отбасын асырамаққа қаншама рет жұмыс іздеп аяғынан таусылса да нәтиже шықпайды. Материалдық жағдайы күннен-күнге нашарлайды. Ақыры шиеттей ұл-қыздарының аштықтан бұратылғанына шыдамай, көмек сұрап көше жағалауға бел буды.

Әбу Ханифаны шапалақпен ұрған адамның оқиғасы

Ұлық Имам Әбу  Ханифаның терең ілімі мен тапқырлығына және парасаттылығына сүйсінетін адамдар көп еді. Алайда, оның біліктілігін және халық алдындағы беделін қызғанатын теріс ниетті адамдар да жоқ емес-тін. Лаж болса, қатесін әшкере етіп, масқара еткісі келетіндер бар тұғын.

Ғалым Рамазан Әл-Бутидің әкесіне құрметі

Мұхаммед Саид Рамазан Әл-Бути ислам әлеміне танымал тұлға. Ұлағатты ұстаз. Көптеген еңбек жазған ғұлама. Оның әкесі молла Рамазан Әл-Бути де өз заманының діни қайраткері. Бұл оқиға әкелі-бала қарым-қатынасының бір сәті ғана. 1972 жыл. Латакия университет (бүгінгі таңда, Тишрин университет) ректоры барлық ұстаздар құрамын оқу ордасының құрылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға шақырды.

Кедей кісінің кемеңгерлігі

 Алла Тағаланың сүйікті құлы пайғамбарымыз Мұхаммедті (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір топ кісілер қаумалай отырысып, алқа-қотан әңгіме-дүкен құрып отырды. Бір уақытта үстіндегі киімі жұпынылау бір кедей мұсылман есіктен бас сұқты.

Халифа Омар (р.а) мен араққұмар қария

Хазірет Омар бірде қаланың түнгі тыныс-тіршілігін білу мақсатында өзімен бірге Абдуллаһ ибн Мәсғудты ертіп, сыртқа шыққан болатын. Түннің бір уағы болса да, олар алыстан бір жарық көреді.

Ғылымға бет бұрғызған кеңес

Куфада құрылған ірі сауда алаңының бірі Әбу Ханифаның жібек саудасымен айналысатын дүкені орналасқан Кунаса базары еді.