25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Төле би баласына қандай келін іздеген?

Аттары болдырып, шөлдеп-шөліркеп келе жатқан Төле бидің алдынан бір топ атты қыз-келіншек көрінеді.

Хазірет Әли (р.а) мен қайыршының оқиғасы

Бір күні қайыршының біреуі Хазірет Әлидің (р.а.) алдында тұрып бір нәрсе сұрайды. Хазірет Әли (р.а.) ұлдары Хасан мен Хусейнге: «Шешелеріне барып үйдегі алты дирхамды алып келіңдер!» дейді. Хасан мен Хусейн барып алты дирхамді әкелеріне әкеліп береді. Хазірет Әли ол ақшаны қайыршыға береді. Алайда сол кезде өздерінің ақшаға қажеті болып тұрғанды. Фатима анамыз онымен үн алмақшы болған еді.

Хазірет Әли (р.а.) әлі үйінің табалдырығынан аттамай жатып қасына түйесін сатпақшы болған бір адам келеді. Ақшасын кейін берерсің деп түйесін Хазірет Әлиге жүз қырық дирхамға сатады да, түйені есік алдына байлап кетіп қалады. Арада көп уакыт өтпей басқа бір адам келеді де, сол түйені екі жүз дирхамға сатып алып ақшасын қолма-қол төлейді.

Хазірет Әли (р.а.) түйенің бұрынғы иесіне қарызын төлеп, қалған алпыс дирхамды бибі Фатимаға беріп былай дейді: «Әркім бір жақсылықпен келсе, оған сол істеген жақсылығының он есе артығы бар» (Әнғам сүресі, 160- аят) деген аятын оқып, бұл Алланың бізге берген уәдесі. Біз сол алты дирхамды бердік. Алла Тағала да он есе артығымен сыйын берді!

материал «Ораза. Зекет. Садақа» кітабынан алынды,

ummet.kz


«Өзін өшіретіндердің емес, өзін білетіндердің қатарында бол»

Баяғыда бір патша болыпты. Көрші патшалықтар соғыстан көз ашпай жатқанда, ол патшаның елі мамыражай, бақытты өмір сүріпті.

30 жыл бойы хадис жазу үшін әпкесінің қолынан ас ішкен ғалым

Имам Заhаби «Атақты ізгі адамдардың өмірбаяны» атты кітабында, имам Бухари мен Муслимнің ұстазы, әйгілі хадис ілімінің ғалымы Убайд бин Яғиш жайлы былай жазады:

Ғылымда биік дәрежеге жетуім анамның дұғасымен...

Баязит Бистами «Ғылымда бұндай биік дәрежеге қалай жеттің?» деп сұрағандарға: «Анамның дұғасымен», - деп, басынан өткен мына оқиғаны айтушы еді:

Патшаны тақуа еткен күң әйел (ғибратты оқиға)

Ертеде байлығы тасқан, өркөкірек бір патша өмір сүріпті. Сол кездегі дәстүр бойынша патшаның төсегін күнде бір күң келіп салуы тиіс екен.

Намазда сүрелерді тек имамның оқығаны жеткілікті

Бірде Әбу Ханифаға бір топ адам келіп, «намазда сүрелерді тек имамның оқығаны жеткілікті» деген пәтуаға келіспейтіндіктерін білдіреді.

Әбу Ханифа: «Ақиқатты айтқаныма ақы дәметпеймін»

Аббаситтер халифасы Мансұр мен әйелі арасында дау туады. Халифа тоқал алмақшы, бірақ әйелі оған наразы екен.