24
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Мұндай әдемі, көркем мұсылман болу үшін не істеу керек?»

Көршіге қиянат жасамау керек, cонымен қатар көршінің жасаған қиянатына сабыр ету керек. Көршінің мал-мүлкіне көз тікпеу (дәметпеу) керек, бірақ өзіңде мал-мүлк болса, одан көршіңе де ұсыну керек.

Намазымды бұзатын нәрселерге жол бергім келмейді

Һакам ибн Уяина (р.а.) намазда тұрғанда тек Алланы ғана ойлап, басқа дүниені ұмытатыны соншалықты, тіпті жанында адам бар екенін сезбейді екен.

Пайғамбарды (с.ғ.с) жаудан қорғап қалған сахаба әйел

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Мәдина қаласына құтты қадам басып көшіп келуімен исламды қабылдау бақытына ие болған әрі Ұхыд соғысында бар жан-тәнімен оны қорғаштаған өте жанашыр жақын сахабалардың қатарында Нәсибә анамыз да болды.

Біз әкені құрметтеуді ғалымдардан үйренуіміз керек

Мұхаммед Саид Рамазан Әл-Бути ислам әлеміне танымал тұлға. Ұлағатты ұстаз. Көптеген еңбек жазған ғұлама. Оның әкесі молла Рамазан Әл-Бути де өз заманының діни қайраткері. Бұл оқиға әкелі-бала қарым-қатынасының бір сәті ғана. 1972 жыл. Латакия университет (бүгінгі таңда, Тишрин университет) ректоры барлық ұстаздар құрамын оқу ордасының құрылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға шақырды.

Сүлеймен пайғамбар мен балаға таласқан екі әйелдің оқиғасы

Бұл қиссаны біздерге Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у.) әңгімелеп берген. Оны біздерге жеткізген - сахаба Әбу Һурайра (р.а.). Хадисте былай делінеді:

Мәулана Румидің өмірдің өткіншілігі жайында айтқандары

Хазіреті Мәулана (құддисә сирруһ) адамның жастық, сергектік және тың кездері мен оның соңындағы күтілмеген сыйлықтар жиынтығын және уақытша ермектерін мына мысалдар арқылы түсіндіреді: 

Пайғамбардың (с.ғ.с) Ережеп айында оқыған дұғасы

Ережеп – берекелі әрі ұлық ай. Ондағы аз ғана ізгі іске көптеген сауаптар беріледі, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген (Ибн Асакир).

Әзіреті Омардың кешірім сұраған ұрлықшыға берген жауабы

Құдіреті күшті Алла Тағаланың пендесіне қарасты мақсат-мұратын ең жақсы ұғынатын сахаба – Әзіреті Омар етін десек артық айтқан болмаспыз.

«Уа, балам! Амалда шығынға ұшырап қалма...»

Уа, балам! (Құрғақ ілімді ғана алып, алған іліміңді іске асырмай) амалда банкрот болып қалма. Хал (жүрек) ілімінен де бос болма (яғни, көкірек көзіңді ашар ілімнен де бос болма). 

Дүниеге табынып кеткендердің ақыреттік жағдайы қандай өкінішті!

Иса пайғамбар (а.с.) бірде қатты жауған жаңбырдың астында қалып қояды. Дереу ықтайтын жер іздейді. Алыстан күрке көрінген соң таяп барғанда, іште бір әйелдің отырғанын көріп, ол үйге кірмегенді жөн санайды.