25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Уағыз айтудағы мақсатың «неткен керемет уағызшы» дегізу болмасын!»

«Уағыз айтудағы мақсатың «неткен керемет уағызшы» дегізу болмасын!»

Ғибратнама
Жарнама

Уағыз айтудағы мақсатың – «неткен керемет уағызшы» дегізіп, жиналған жұртты экстазға кіргізіп, қатты әсерлендіріп киімдерін жыртып, жылатып-сықтату болмау керек. Өйткені мұның бәрі дүниеге жақындықты білдіреді. Ондай ниет ғапылдықтан туындайды.

Уағыз айтудағы негізгі ниетің мен маңыз аударған нәрсең – адамдарды дүниеден сақтандырып, ақыретті еске салу, күнәға батудан сақтандырып, Аллаға бойсұндыру, дүниеқоңыздықтан сақтандырып, дүние тәркіне, сараңдықтан, жомарттыққа, күмәннан шынайы иманға, ғапылдықтан оянуға, дүниеге берілуден тақуалыққа шақыру болу керек.  

Сондай-ақ, уағыз айтудағы мақсат – адамдарға ақыретті жақсы көргізіп, дүниеден жирендіру болу керек және ғибадат пен зүһд ғылымын үйрету болу тиіс. Өйткені шариғат жолынан ауытқып, Алла разы болмайтын іске белсенділік таныту және әдепсіз нәрселермен айналысу – адамның табиғатына жақын.   

Уағыз айтқанда адамдардың жүрегіне ақырет қорқынышын сал. Олардың болашақта алдарында күтіп тұрған үрейлі жағдайларды айтып қорқыт, оларды сақтандыр. Мүмкін содан кейін олардың ішкі сипаттары өзгеріп, сыртқы қарымқатынастары жөнге келер және ынта-жігерлерін күнәдан ұзақ тұруға жұмсап, онысын Аллаға бойсұнуға қолданар. Уағыз, насихат айту жолы осылай.

Ал, осындай сипатта жүзеге аспаған уағыздар – сөйлеушіге де, тыңдаушыға да бәле болады. Тіпті мұндай уағызшыларға (яғни, мақтаныш үшін айтатындарға) қатысты - «адамдарды тура жолдан шығарып, оларды құртатын жын-шайтан» деп айтады. Мұндай уағызшылардан қашу керек. Өйткені ондайлар өздерінің сөздерімен адамдардың сенімдерін бұзғандай, шайтан бұза алмас.

Қолында билігі бар жауапты кісілер ондай уағызшыларды мұсылмандардың мінберінен түсіріп, уағыз айтуына кедергі жасаулары тиіс. Бұл да «жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю» бұйрығы аясына кіреді.

материал «Имам Ғазалидің өсиеті» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: