25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Мұндай әдемі, көркем мұсылман болу үшін не істеу керек?»

«Мұндай әдемі, көркем мұсылман болу үшін не істеу керек?»

Ғибратнама
Жарнама

Көршіге қиянат жасамау керек, cонымен қатар көршінің жасаған қиянатына сабыр ету керек. Көршінің мал-мүлкіне көз тікпеу (дәметпеу) керек, бірақ өзіңде мал-мүлк болса, одан көршіңе де ұсыну керек.

Малик бин Динар хазреттерінің яһуди көршісі бар еді. Бұл яһуди дұшпандық ойлап үйінің әжетхана шұқырын Малик хазреттерінің бөлмесінің артына тақап жасайды. Бөлмесіне әжетхананың суы өтіп, жағымсыз иістер шығып мазасын қашыратын еді. Малик бин Динар хазреттері күнде өткен суларды құрғатып сүртіп, жаман иістерді кетіру үшін әдемі иісті нәрселерді сеуіп қоятын.

Яһуди, Малик бин Динар хазреттерінің мазасызданып жүргенін білетін. Бірақ шағымданып келмегеніне аң таң еді. Шыдамы жетпей көршісінің үйіне өзі барады. Жаман иісті сезгенінде:

- Ей Малик, мынау ненің иісі?- деді.

- Бұл бөлмеге иісі шығатын нәрселер сеуіп жүрмін.

- Жоқ, бұл әжетхананың иісі, қара, дуалдан тамшылап тұр. Неге маған айтпай жүрсің?

- Егер айтсам сен ренжитін едің. Біздің дінімізде көршіні ренжітпеу және одан келген қиыншылықтарға төзу деген бар. Көршімен ұрыс керіс болмайды.

Бұл сөздерді естігенде яһудидің төбесінен су құйылғандай болды. Кейін былай деді:

- Бүгінге дейін Ислам дініне дұшпан едім. Қазір болса Ислам дініне қайран қалдым. Мұндай әдемі және көркем мұсылман болу үшін не істеу керек болса, бәріне дайынмын. Яһуди шәһадат кәлимасын айтып мұсылман болды.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: