25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жуырда еліміздегі ірі сауда дүкені тұрмыстық заттарға түнгі акция ұйымдастырды. Сондағы саудасы: бір зат алсаңыз – екіншісін жарты бағасына сатып аласыз. Қарақұрым халық, ығы-жығы жұрт. Түнгі екіге дейін барсаңыз – үлгердіңіз, әйтпесе акциядан құр қалады екенсіз.

Abai.kz сайтында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қасиетті Рамазан айымен құттықтауы жарияланған. Ауыз бекітудің артықшылығы мен сауабы жазылып, ал ораза ұстауға шамасы келмейтін қарияларымызды, науқас жандарды қайырымдылық жасауға үндеген құттықтау мақалаға орай пікір (мәтінді өзгеріссіз беріп отырмыз – А.Қ.) білдірген белгісіз бір кісі: «Биыл ораза ұстамаймын. Тамақ қымбат. Дұрыс ауқаттанбағасын ұстаған. Әр жерде құлап аш бұратылып жүретін жағдайым жоқ», – депті (суретті қараңыз).

"Өлмейтін" ер жүрек батырларды кинода ғана болады деп ойлайтынымыз бар. Бірақта, ержүрек, қайсарлы, төзімді алғырлықтың арқасында ең қиын жағыдайларды жеңіп шыққан салымды адамдар өмірде де бары анық. Ендеше олардың шынай тарихымен таныс болыңыз!

Азан үні мына бүгінгі қоғамда қазақтың еркін, егемен ел екендігін ашық түрде жариялап, санасы кешегі кеңестік дерттен әлі де айықпаған қазаққа күніне бес рет ескертіп тұратын керемет әуен еді... Әттеген ай, дегенмен кейбір іштен шыққан, жарғақ құлақтыларға жағымсыз естіліп жатыр екен. Өкінішке орай, іштен де сырттан да қазақтың есін жидырмай, сол кешегі құлдығына қайтадан құрақ ұрғызып, қазақты өткен тарихымен қайтсек байланысын үземіз деп жүрген орталықтар мен ұйымдар жеткілікті. Солардың жемсауына малданып, ислам дініне, қазақ мәдениетінің мазмұнына шекірейіп, одақ құрып, «үй ішінен үй тігіп», одағайланып жүргендерге «азанмен» қосылып ескерту жасағым келеді.

 Дорита Дэниэльс өзінің 99 жасында талай дүрбелең кезеңдерді, оның ішінде үлкен депрессияны, екі дүниежүзілік соғысты, қара нәсілділердің азаматтық құқығын қорғау қозғалысын басынан өткізген.

Сексен үш жыл, екі айға тең келетін бір түнді берген Аллаға сансыз шүкірлер болсын. Қадыр түнін қанша айтсақта қадыры кетпек емес. Біз Қадыр түнін мың айдан қайырлы деп айтамыз да қоямыз. Шындығында оның мәні тереңде жатыр. Бұл түні жасалған құлшылық мың ай бойы тоқтаусыз, толассыз жасалған ғибадатпен тең.

Порт Рояль. Ямайкa

 

1518 жылы құрылған «Порт Рояль» Кариб теңізіндегі ең ірі сауда орталығы болған. 1692 жылы 7,5 балды жерсілкінісі болып қаланы алып топан басады. Қаланың басым бөлігі су астына кеткен. Апаттан 2000-нан астам адам опат болып көпшілігі үшті-күйлі жоғалған. Кезінде бұл қалада жасырын келісімдер жасалып түрлі бұзғыншылықтар болған. Қаланың тұрғындары: «Осы ісіміз үшін Құдай бізді жазалады», - деп үйлерін тастап басқа елді-мекенге қоныс аударған.

Қоғамда өз орнын таппай, жұмыссыз жүріп, психологиялық дертке ұшыраған, отбасында өзіндік орны жоқ кейбір жандар дұрыс діни ақпарат алмай, оғаш әрекеттерге жол беруде.

Отбасы – мемлекеттің іргетасы һәм ажырамас бөлігі. Мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп өркендеуі – отбасына байланысты. Отбасының қалыптасуында діннің алар орны ерекше. Ислам дінінде де отбасылық құндылықтарға үлкен мән берілген. Шариғатымызда әр мәселе жеке ғылым ретінде қарастырылса, соның ішінде отбасы тақырыбы өз алдына «Әл-усрату фи әл-исләм» (Исламдағы отбасы) деп арнайы ғылым болып қалыптасқан.

Америкалық эмбриолог ғалым Роб Гиллхам Құран аяттарымен танысқан соң, ислам дінін қабылдаған екен. Ол қасиетті Құранда жазылған «ажырасқан әйелге 4 ай уақыт өткенше қайтып тұрмыс құруға тыйым салынады»деген ескертуге ерекше назар аударыпты. Бұған зерттеу жүргізген ғалым «әйелдің ағзасына еркектің хромосомалық «таңбасынан» толық тазару үшін 4 ай уақыт өтуі керек»деген қорытындыға келді, деп жазады араб бұқаралық ақпарат құралдары.

Адамның өз кәсібі бойынша кемелденуіне орай, оның табыс табу қабылеті де шыңдала түседі. Неғұрлым көбірек білсек, соғұрлым көп табысқа кенелеміз.Өз ісі жөнінде көп білуге ұмтылатын адам міндетті түрде марапатталады.Егер ол суретші болса, дарынды өз әріптестерінен әдістер мен тәсілдерді үйренуі керек. Егер ол заңмен шұғылданса немесе дәрігер болса, сол кәсіппен айналысатын біліктілерден кеңес алып, білім бөліскені жөн. Егер ол саудагер болса, онда ылғи да сапалы арзан тауарды іздеп табуы қажет. Енді бүгінгі блогымыздың кейіпкерлерімен таныс бола жүріңіздер.