25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Адам баласы – Алла тағала жаратқан жаратылыстың ішіндегі ең  ұлысы. Олай болса, осы адамзат ұрпағын Хақ Тағала ата-ана дәнекерлігімен көбейткен. Кез келген адам үшін дүниеде ең қымбат жандар – туған ата-анасы.

Қайбір күні телефон соққан бір танысым кейбір замандастары бүлдіршін балаларын мектепке жібермей қойғандығын, ондағы мақсаты мектеп – зайырлы елдің бекіткен мектебі екендігі,  ал «зайырлылық» Исламға жат екендігін сол себепті де мектеп те дінге жат, күпір екендігін айтыпты. Осындай пікірдің Ислам дініне қаншалықты дұрыс немесе бұрыс екендігін айтып берсеңіз деп өтініш білдірді. Ал өз сөзімді айтар болсам, ау ағайын, бұл зайырлылық пен мектеп қашан дінге жат болып еді? Зайырлылық дінге бұғау салу емес, керісінше еркіндік беру, Құдайға құлшылығына еркіндік жасау.

Биылғы Рамазан айының соңғы он күндігі еді. Үйге бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлы бастаған ҚМДБ қызметкерлерін шақырып, ауызашар беруді жоспарлап отырғанбыз.

Ислам сенім жүйесінде (ақида) қозғалған «иман және амал» тақырыбы ислам тарихының сонау ерте кезеңінің өзінде орын алып, түрлі топтар мен ағымдардың шығуына, қала берді сол ағымдардың бір-бірін имансыздықпен кіналап, тіпті өзара қантөгіске апарған күрделі мәселелердің бірі. Бұл өз кезегінде иман-амал мен қатар, иман-ислам, иман және үлкен күнә, иманның артып-кемуі, мұсылманды күпірлікпен айыптау секілді мәселелерді тудырды. Сондықтан бұл мәселелер ақида кітаптарында кеңінен талқыланды.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қажылық парызының жауапкершілігі зор әрі марапатының шексіз екенін өз хадистерінде ескерткен. Адамды анадан жаңа туғандай пәк, таза кейіпке бөлендіретін қажылық нендей құлшылық?!

Қыз бала тәрбиесіне бүкіл қоғам жауапты

12 жасар қыз баласы жүкті болып қалған, сыртқа шықсаң мәдениеттің төмен екенін байқайсың ал, интернетте тіпті адам ұялатын видеолар қаптап жүр. Осындай жағдайда біздің күшіміз бір болып қарсы тұруымыз қажет!

Әркім де өз ұрпағының саналы, текті, тәрбиелі болғанын қалайды. «Міне, мынау менің ұрпағым! Тегімнің жалғасы! Отанымның қорғаушысы! Ұлтымның намысы!» деп, ауыз толтыра айтып, ұрпағымен абыройы көтеріліп отырғанға не жетсін?! Біз сондай ұрпағымен мақтануды көксейтін халықпыз! Алайда, ошаған егілген жерге балауса шықпайтыны секілді, некесіз «тұқым егу» – құрттаған «жеміс» береді. Зинаның нәтижесінен туған бала, әлбетте, тексіз болады. Тексіз болмағанда ше? Шайтан араласқан қатынастан басқа не күтіп едіңіз? Тексіз туған немеден тектіліктің ісін күту – күнәнің ізінен бақыт күткенмен бірдей. Бұқар жыраудың:

Парыз болған уақыттардан кешігіп, оқылған намаздарды қаза (قضاء) намазы деп атайды. Уақытында оқылмаған намаздар (فَوَائِتُ)фәуайт деп аталады. Фәуайттің мағнасы: ұстай алмаған ұшырып алған деген сөз.

Исламның Қазақ халқының өмірінен орын ала бастағанына XIII ғасырға жуық уақыт өтті. Әлемдегі барша мұсылмандар ардақ тұтатын қасиетті Құранда Алла тағала: «Мен адамдарды бірін-бірі тануы үшін ұлттарға бөліп жараттым», дейді. Демек, Алланың тікелей пәрменімен жер бетіндегі адамзаттың ұлтқа бөліну үрдісі жүзеге асқан.

Жұма жайлы Әбу Лубананың риуаятына тоқталсақ, Алла елшісі: «Жұма күні- күндердің тақсыры және ең ұлысы. Сондай –ақ, ол Алланың қасында Ораза айтынан да, Құрбан айтынан да ұлырақ. Оның бес ерекшелік қасиеті бар: ол күні Алла тағала Адамды жаратқан; осы күні Адамды жерге түсірген; осы күні Алла тағаламен Адам қайта қауышқан; осы күні құл Алладан харамнан өзге, не сұраса да, бірілетін бір сағат бар; осы күні қимет болады, Аллаға жақын әрбір періште , аспан мен жер, таулар мен теңіз барлығы осы Жұма күнінен қорқады»[1],- деген.