25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Періштелердің құбыласы қай жерде?

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Хазірет Адам атаның періштелерден қандай қасиетімен, ерекшеліктерімен үстем түсетінін білдік. Оның осы үстемдігін паш ету үшін, Алла тағала періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер»1, - деп бұйырды.

«Сәжде ету» сөзі араб тілінде «кішіпейілділік танытып, бас ию» мағынасына саяды. Шариғаттық терминде «маңдайды жерге қойып, құлшылық ету» деген ұғымды білдіреді. Сол себепті ғұламалар бұл жердегі «сәжде ету» Адам атаны мойындау, оған құрмет білдіру арқылы Хақ Тағалаға құлшылық қылу деп түсіндірген2.

Негізінде, бұл сәжде хазірет Адамға емес, Хақ Тағаланың бұйрығына әрі «Адам» секілді ең ғажайып мақұлықты жаратқан Оның құдіреті мен теңдессіз шеберлігіне жасалған сәжде еді.

Періштелердің Адам атаға сәжде етіп, құрмет көрсетуінде үлкен мән бар. Періштелер илаһи әмірді орындау арқылы жер бетіне халифа болған адамға бұдан кейін қызмет етіп жердемдесетіндіктерін көрсеткен еді. Яғни Алла тағала күллі ғаламзатты адамға бағынышты етті. Барлығы да адамға қызмет етуі тиіс болды. Осының бір белгісі ретінде жалпы ғаламзаттың атынан періштелер оған бағынғандығын көрсеткен-ді.

Һәм күллі мұсылман Хақ Тағалаға құлшылық қылады. Бес уақыт намаз – тілін кәлимаға келтіргендерге парыз. Намазды құбылаға – Қағбаға қарап оқиды. Қағбадан басқа бағытқа қарап намаз оқығанның намазы қабыл болмайды. Қажылықта миллиондаған мұсылман Қағбаны тауап еткенімен қоймай, соған сәжде қып жатады. Сөйтсе де бұл мұсылмандардың Қағбаға сәжде еткенін білдірмейді. Мұсылмандар Қағбаның алдында оған емес, Хақ Тағалаға сәжде қылады. Қағба – мұсылманның Хақ Тағалаға сәжде қылар құбылысы болса, періштелердің құбыласы хазірет Адам болды.

 

  1. «Бақара» сүресі, 34
  2. Елмалылы Хамди Языр. Хақ Діні Куран Дилі. 273-бет

«Пайғамбарлар тарихы» кітабынан

Бөлісу: