25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Перғауынға жіберілген белгілер

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Өзін құдаймын деп асқақтаған перғауынға Алла Тағала түрлі мұғжиза (белгі) жіберген:

Асатаяқтың жыланға айналуы;

Қолдың аппақ нұр болуы;

Құрғақшылық жылдар болуы;

Жемістердің өнім бермеуі;

Топан су;

Шегірткенің көбейуі;

Бит басуы;

Құрбақаның үйлерге кіріп кетуі;

Перғауын халқы алған судың қанға айналып кетуі.

Теңіздің екіге жарылып құрғақ жолдың пайда болуы.

Сол кезде Мұсаға уахи жетті: «Таяғыңмен теңізді ұр!»-деп уахи еттік. Сонда теңіз жарылып, әр бөлігі асқар таудай болды». Мұса қауымымен теңізге түседі. Теңізге жеткен перғауын әскері түсуге жүрексініп тұрғанда, Алланың әмірімен перғауынның аты теңізге секіріп түсіп кетеді. Артынан әскеріде теңізге кіреді. Мұсаның соңғы адамы жағаға жеткенде теңіз қайта орнына толады. Осы кезде перғауын тәубесіне келіп: «Мұсаның раббысына иман келтірдім», - дейді. Жан алқымдағы тәубе қабыл болмайды...

 

«ummet.kz» рухани ақпараттық порталы.

 

 

Бөлісу: