25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қағбаның қалануы

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Меккеге жаслаған алғаш сапарларының бірінде ұлы Исмаилге: «Уа, балақайым! Алла маған бұйрық берді», - дейді. Ол «Уа, әке! Раббың бұйырған нәрсені істеңіз», - деді. «Әрине, маған осы жерден, Алла үшін бір жай тұрғызуымды бұйырды», - дейді Ибраһим. «Мен сенімен біргемін», -дейді Исмаиыл.

 Ибраһимге періште келіп, Қағбаның орнын көрсетті. Алла құранда: «... Үйді қағбаны адамдарға орталық және бейбітшілік орны етіп жасадық. Ибраһимнің мақамын намаз орны қылып алыңдар»[1], - дейді.

Аллаға арналған үй басталды. Үйдің бұрышына жеткенде, Исмайлге: «Маған осы бұрышқа лайықты бір тас әкел»,-дейді. Исмаиыл: «Мен шаршап тұрмын»,-деп айтады. «Орныңнан тұр» -дейді әкесі. Исмаил орнынан тұрып тас іздеп, лайықты тас таппай қайтады. Келсе тас бұрышқа қаланып, әкесінінің құрылыс жалғастырып жатқанын көріп таңырқап: «Бұл тасты сізге кім әкелді?»,-дейді. Әкесі: «Маған оны шаршамайтын Жәбірейл алып келді. Бұл жаннаттан келген тас»,- деді. «Ол алғашында ақ тас болған. Адам ұрпағының күнәлары себепті қарайған»,- деп келтіріледі кейбір деректерде.

Алладан Ибраһимге әмір түсті: «Адамдарды қажылыққа шақыр», - дейді. Ол: «Уа, Раббым! Менің даусым жетпейді ғой», Алла Тағала: «Уа, Ибраһим! Саған тек шақыру керек, ал оны жеткізу Бізге тән»,- деді. Сонда Ибраһим Арафат тауына көтеріліп, адамдарды қажылыққа жақырды. Оның даусы жер – жердегі барлық адамдарға жетті[2].

Алла адамдардың жүрегіне Қағбаға және құлшылық жасауға деген маһаббатты оятты.

 



[1] Бақара,125

[2] Ибн Касир

Бөлісу: