25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ад қауымы

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Нұх Пайғамбардың ұлдарынан тараған Һуд(а.с) ибн Абдуллаһ. Кей деректерде Ад қауымы деп аталады. Ад ибн Аус атты аталарының есімімен аталаған, Һуд қауымы Ахқаф елді мекенінде өмір сүрген. Құаранда Ахқаф деген сүреде былай суреттеледі: «(Мұхаммед .) Ад елінің туысын (Һұд а.с. ды) есіңе ал; сол уақытта Ахқафтағы еліне ескерткен еді. Расында одан бұрын да, кейін де ескертушілер өткен еді»,(деді)»,-деген[1].

 

Топан судан кейін жер бетіндегі адамдар жойылып, Нұх Пайғамбардың кемесі тоқтаған жерден жан-жаққа тарала бастады. Солардың бір Ад елі болатын, Нұхтан кейін жер бетінде билік оларға өтті. Ад елінің адамдары көркем мүсінді, ақ түсті, ұзын бойлы, алып денелі болған деп суреттеледі. Олар жайлы Алла құранда: «Ойлаңдар! Сол уақытта Алла сендерді Нұх қауымынан кейін орынбасар қылып, әрі тұлға жаратылысында да артық қылды. Ендеше Алланың нығметтерін еске алыңдар, әрине құтыласыңдар.»[2],-деген.

Ад елі үй соғу өнерін жетік меңгерегні соншалық, далалық жерде шатыр салып, ал таулы жерлерде сарайлар тұрғызған. Олар жайлы мынадай сөздер бар: «олардың қорғандары күміс пен алтыннан тұрғызылған»,- деген. Өркениет пен құрылыс өнерінің шыңына жеткендігі жөнінде құранда былай: «Дүниеде мәңгі қалу үшін мықты сарайлар жасайсыңдар ма?»[3],- дейді. Олар осы шеберліктерін мақтан тұтатын. Алла Құранда: «Ұзын діңгекті Ирамды; сондай елдерде ол тәрізді жасалмаған еді»[4], -деген.

Ад қауымы араб ұлтынан болған Пайғамбарымыз Әбу Зарға р.а.: «Олардың төртеуі араб: Һуд, Салих, Шуғайб және өзіңнің Пайғамбарың, ей, Әбу Зарр!»[5],-деген.

Уақыт өте шайтан азғырып, Ад елі пұттарға табына бастайды. Осы уақытта Алла Ад қауымына Һудты пайғамбар етіп жіберді. Оларды бір Аллаға кұлшылық қылуға шақырды. Берген нығыметтерге шүкіршілік керек екенін ескертті. Құранда: «Ад еліне туысы Һудты жіберді. Ол: «Ей, елім! Аллаға құлшылық қылыңдар! Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Қорықпайсыңдар ма?»-деді»[6], - деген.

Алла олардың пұтқа табынғандарына, Пайғамбарға қарсы шыққандарға, мазақ еткендерге жаза ретінде жел жіберді. Ондай жел бұрын - соңды болмаған, тиген жерін күлдіретіп күлге айналдыратын қуатты жел еді. «Сонда олар апатты ойпаттарына жайылып келе жатқан бұлт түрін көргенде сәтте: «Бұл-бізге жаңбыр жаудыратын бұлт»,-деді. Һуд: «Жоқ, ол сендердің асыға тілегендерің; ішінде жан түршігерлік азабы бар бір дауыл. Раббыңның әмірімен әр нәрсені тас-талқан қылады»[7],-деді және «Ад елінде де ғибрат бар. Сол уақытта оларға қатты дауыл жібердік. Ол тиген нәрсені шіріген сүйектей етіп тастайды»[8], -делінген.

Жел оларды көтеріп ұшырып, жерге соққан. Ад тайпасының үйлері, бау - бақшалары, әсем қалалары шіріген сүйектей тас - талқаны шықты.

Ад қауымы осылайша жермен-жексен болып жоқ болды. Ал Һудқа иман еткендерге дауыл тимей мал-жанымен аман қалып, сол жерде өмірін ары қарай жалғастырды.

 



[1] Ахқаф, 21

[2] Ағраф,69

[3] Шұғыра,129

[4] Фәжір, 6-8

[5] Ибн Хиббаннан риуаят.

[6] Ағраф,65

[7] Ахқаф,25-25

[8] Зәрият, 41-42

Бөлісу: