25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мен осылай жасау үшін жіберілдім

Мен осылай жасау үшін жіберілдім

Пайғамбарлар (ғ.с.) тарихы

Бір бәдәуи Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) мал-мүлік сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сұрағанын берді. Тағы да сұрап еді, тағы да берді. Үшінші рет сұраған кезде жәннаттың гүлзары (с.ғ.с.) қолында ешнәрсе қалмағандықтан тауып беруге уәде етті.

Пайғамбарды жанынан артық сүйетін Омар (р.а.) бұл көрініске шыдай алмай: «Уа, Расулулла! Сіздің елшілігіңізден ризамыз. Сізден сұраған кезде бердіңіз, тағы сұрады, онда да бердіңіз. Тағы да сұраған кезде қолыңызға түскен кезде беремін деп уәде бердіңіз. Неге өзіңізді сонша қинайсыз?!» - деп салды.

Сол сәт Омардың (р.а.) бұл сөзін салқын қабылдаған Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қабағын шытты. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ризашылық танытпағанын байқаған Абдуллаһ ибн Хузафа (р.а.) тұрып былай деді: «Уа, Алланың Елшісі, (Алла үшін) бер! Ғарыштың иесі Сені аш қалдырады деп қорықпа!»

Бұл жауапты естігенде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қабағы ашылып, жүзі қайта күлімсіреді: «Мен осылай жасау үшін жіберілдім», - деп өзінің бұл дүниеге деген көзқарасының қандай екенін көрсетті.

Ummet.kz

Бөлісу: