25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) серт кезінде әйелдерге қол бермеуі

Пайғамбардың (с.ғ.с) серт кезінде әйелдерге қол бермеуі

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

Әйелдерге қол тапсырудың негіздері аят түскенде Алла Елшісі (с.ғ.с) Мәдинаға әйелдерді жинап олардан бият сұраған.

Хазіреті Айша (р.а): «Мұсылман әйелдерден аяттағы шарттарды қабыл еткендерге Алла Елшісі сөз түрінде «сенімен бият жасадым» деді. Аллаға ант етейін бият кезінде ешбір әйелдің қолына қолын тигізбеді».

Кейбір хадисте Хақ пайғамбардың (с.ғ.с) бір матаға қолын қойып әйелдердің де сол матаға қолын қойып серт бергендері және Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Мен әйелдермен қол алыспаймын» дегені айтылады.

Ибн Исхақ Пайғамбардың (с.ғ.с) әйелдердің биятын қолын бір ыдыстағы суға батырып артынша сол ыдысқа әйелдердің де қолын батыру арқылы серт бергендерін айтады.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: