24
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Күндіз де, түнде де тәубе мен истиғфарға берік бол

Күндіз де, түнде де тәубе мен истиғфарға берік бол

Ислам тарихы

Өмірлік қағидалар мыналар:

1.Іліміңді де, амалыңды да ықыласты жаса. Риядан әр кез қорқуды ұмытпа. Алла елшісі ‎(с.ғ.с): «Алла тек қана Өзінің разылығы талап етілген ықыласты амалды ғана қабыл етеді»,-дейді.

2.Өзіңді де, бала-шағаңды да Аллаға тапсыр. Себебін жаса да, Аллаға толыққанды тәуекел ет. «Ғафир» сүресінің 44-45 аятында Алла бүкіл ісін бір Өзіне тапсырғандарды жамандықтан сақтайтыны айтылды.

3.Барша адамзат пен жындардың құлшылығының жасасаң да, жақсы амалдарыңмен тәкәппарланушы болма. Көп амалын азсынған ізгілерімізден үлгі ал.

4.Күндіз де, түнде де тәубе мен истиғфарға берік бол. Біз көзімізге еленген де, еленбеген де көптеген күнәларды байқаусыз жасаймыз. Алла Тағала «Хужурат» сүресінің 11-аятында: “Кім жамандығынан арылып тәубе етпесе, міне, солар нағыз залымдар” дейді.

5.Басқаларға иненің ұшындай да зұлымдық жасаудан сақтан. Алла елшісі ‎(с.ғ.с) айтқандай: «Кімде-кімнің басқа адам тарапына жасаған зұлымдық әрекеті болса, оның ақысын бүгін адал етіп үлгерсін….»

материал «Бақытты өмір кешуге өсиеттер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: