24
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Жәннатқа жетелер күнделікті 8 амал

Жәннатқа жетелер күнделікті 8 амал

Ислам тарихы

Жәннатқа жетелер күнделікті 8 амал мыналар:

1. Парыз намаздардан бөлек 12 рәкәт болған сүннет намаздарды оқу. (2 рәкәғат таң, 4*2 рәкәғәт бесін, 2 рәкәғәт ақшам мен 2 рәкәғәт құптан намазаның сүннеті)

Алла елшісі ‎(с.ғ.с) өзінің хадисінде: “Кімде-кім күн сайын 12 сәждесіне (12 рәкәғат сүннет намазын) оқитын болса, оған жәннәттан үй тұрғызылады. (сахих Муслим)

2. Түнгі 2 рәкәт тәһәжжуд намазы. Алла сол бір намазды тұрғызған пендесінің міндетті түрде қажетін өтейді.

3. Дұха намазы (Хадистерде Дұха намазын оқу – барлық жақсылық амалдармен бір өзі тең дәрежеде екені айтылады)

4. Мүлік сүресін оқу. Термизиде жеткен хадисте Мүлік сүресін оқыған адам шапағатқа ие болып, күнәсі кешірілетіні риуаят етіледі.

5. “Лә иләһә иллә Аллаһ уахдаһу лә шәриикә ләһу ләһул мулк уә ләһул хамд уә һуә ғәлә кулли шәйин қадир” зікірін 100 мәрте айту.

Хадисте бұл зікірді 100 мәрте айтқан адамға 100 жақсылық жазылып, 100 жамандығы кешіріліп, сол зікірді айтқаннан бастап кеш батқанша шайтанның жамандығынан амандықта болатындығы айтылған.

6. Алла елшісіне ‎(с.ғ.с) салауат айту. Хадисте келгендей: “Кім маған бір салауат айтса, Алла оған он салауат жолдайды” делінеді.

7. “Субханаллаһи уа бихамдиһи, субханаллаһи әл-ғазыйм” 100 мәрте айту. Термизиде жеткен хадисте Кім осы сөзді бір мәрте айтса, жәннәтта оған бір құрма ағашы егілетіні айтылған. Ал 100 мәрте айту 100 құрма ағашы.

8. “Астағфирулла” 100 мәрте. Хадисте келгендей: “Кімде-кім истиғфарға берік болса, Алла оған тығырықтан шығар жол көрсетіп, қайғы-мұңнан арылдырып, оны күтпеген жерден ризықтандырады” дейді.

материал «Бақытты өмір кешуге өсиеттер» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: