01
Жұма,
Қараша

һижри

«Біздің базарларымызда дінді білетін саудагерлер сауда жасасын»

«Біздің базарларымызда дінді білетін саудагерлер сауда жасасын»

Ислам тарихы

Әзірет Омар (р.а.): «Біздің базарларымызда дінді білетін саудагерлер сауда-саттық жасасын», – деген (Мүслим, Фадаилус Сахаба 100, (2451).

ТҮСІНДІРМЕ:

Бұл жердегі дінді білу иман мен тек қана негізгі құлшылық-ғибадаттарды ғана атқаруға жеткілікті ғылымхалдық дәрежедегі білім жеткіліксіз. Бұған қосымша парыздарды, харамдарды, мәкруһтарды, сауда-саттыққа қатысы бар бұйрықтар мен тыйымдарды, сауда этикасын және сол салаға қатысты білімдерді де осыған қосуға болады. Ибн Абидин фарз айн (адам баласының жеке басына парыз болатын ілімдер) ғылымдарын санаған кезде «...мамандық иелеріне және қандай да бір іспен шұғылданушылардың барлығына харамға ұрынбауы үшін сол мәселеге қатысты ғылым мен соған арнайы айтылған үкімдерді оқуы парыз. Ал сауда-саттыққа қатысты мәліметтер де осы мәселелермен шұғылдануды жоспарлаған жандар үшін парыз...» делінген.

Әзірет Омардың (р.а.) бұл әміріне мойынсұнған кезеңдерде тұрақтылық пен жүректерге сенім ұялататын сауда түсінігі қалыптасып қарыштай дамыған. Ал бұл бұйрықтарға мойынсұнбаған кезеңдерде құлдыраулар мен рухани және материалдық жағдайда әлсіреулердің байқалғанын көруге болады.

Әбу-Дарда (р.а.) былай дейді: «Мен Шамдағы Умәйя мешітінің алдынан бір дүкен ашып, күн сайын тапқан елу динарымнан Алла жолында жұмсай жүріп, намаздарымды әрқашан жамағатпен оқитынмын һәм Алланың адал дегендерін арам етуді армандамаймын, себебі Алла Тағаланың «... олар сондай адамдар, сауда-саттық та, базарлық та олардың Алланы зікір етуіне (еске алуына) кедергі бола алмайды» («Нұр» сүресі, 36-аят) деген мақтауға ие болатын пенделердің қатарында бола алмай қалам ба деп қорқамын».

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: