17
Жұма,
Мамыр

һижри

Нәпсімен күресуге мотивация сұраған адамға жауап

Нәпсімен күресуге мотивация сұраған адамға жауап

Ислам тарихы

Жақында біреу менен нәпсімен күресу үшін мотивация сұрады. Менің жеке ойым – тек нәпсімен күреспе.

Онымен қалай күресесің, ол сенің ажырамас бір бөлігің ғой. Бәрібір оны жеңе алмайсың. Одан да руханиятыңды күшейт, ізгі амалдарды көп жаса, жақсы адамдардың жанында жиі бол. Иманың күшейсе, нәпсіңнің тәрбиеленуі, сынуы оңай болады.

Бір күні білімді адамнан сұрадым: «Егер адам түнгі намазға тұра алмай жүрсе; бес уақыт намаздың ләззатын сезіне алмай жүрсе, оған не себеп? Бір күнәсінің ластығы әсер етіп жүр ме, яғни жақсылап тәубе ету керек пе? Әлде әшейін жалқаулық па?».

Ол былай жауап берді: «Екеуі де. Жалпы түнгі намазға тұру үшін ерте жату, жатар алдын ауыр тамақ жемеу керек. Ал намазға кірмес бұрын дәреттің өзің концентрациямен алу керек (дәрет алғанда Алланы ойлап, жүзі сарғаятын Әли есіме түсіп кетті)». «Күн сайын оқып жүрген бес-он бет Құран жеткіліксіз бе сонда?» деп сұрадым. Ағамыз ары қарай айтты: «Тек Құран оқу жеткіліксіз. Таңғы-кешкі дұғалар, дұғалар жинағы, парыз намаздан кейін оқылатын дұғалар оқу керек, пайғамбарға салауат айту керек». Ағаның айтқанын орындаған күні-ақ нәтижесін берді. Кейде білетін нәрсеңді тақуа адамның аузынан естісең, бірінші рет естігендей әсер аласың.

материал «Мінезді өзгерту алхимиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: