25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қажылықтың уәжіптері

Қажылықтың уәжіптері

Қажылық

Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын­да қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры мен шарт­та­ры­нан бас­қа уә­жіп мін­дет­тер бар.

Қа­жы­лық­та уә­жіп­тер­ді ша­ри­ғат­та үзір са­на­ла­тын се­беп­тер­сіз тас­тау – тах­ри­ман мәк­рүһ яғ­ни, ха­рам­ға жа­қын мәк­рүһ. Қа­жы­лық­тың па­рыз­да­ры орын­да­лып, уә­жіп­те­рі іс­тел­ме­ген жағ­дайда, қа­жы­лық дұ­рыс деп есеп­те­лі­не­ді. Бі­рақ ша­ри­ғат­та үзір са­на­ла­тын се­беп­тер­ден тыс, бас­қа се­беп­тер­мен уә­жіп­тер орын­дал­май қал­са, қа­жы­лық­тың дұ­рыс бо­луы үшін әр­бір орын­дал­ма­ған уә­жіп үшін жа­за ре­тін­де құр­бан ша­лу ке­рек. (Қа­жы­лық­та жә­не ум­ра­да іс­те­ле­тін кем­ші­лік­тер жә­не өте­ле­тін жа­за­лар бө­лі­мі­не қа­ра­ңыз).

Іс­тел­мей қал­ған уә­жіп қайта­дан жа­сал­shy;ған жағ­дайда жа­за өтел­мейді. Мы­сал­ға, тауап­тың па­ры­зы са­на­ла­тын төрт айна­лым­ды жа­са­ған­нан кейін, уә­жіп үш айна­лым­ды жа­са­ма­са, орын­дал­ма­ған әр айна­лым үшін жа­за бе­ру ке­рек. Бі­рақ тауап­ты қайта­дан то­лық жа­са­ған жағ­дайда жа­за өтел­мейді.

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да үзір са­на­ла­тын се­беп­тер

Ауру, қат­ты кә­рі бо­лу, қат­ты әл­сіз бо­лу, та­лып қа­лу, әйе­лер­дің хайыз бо­луы сияқ­ты самауи[1] се­беп­тер. Мы­сал­ға, Ара­фат­та уақ­фа жа­сап жат­қан­да та­лып, құр­бан айт­тан кейін оян­ған адам­ға, қа­жы­лық­тың уә­жіп­те­рі­нен са­на­ла­тын Муз­дә­ли­фә уақ­фа­сын, шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­ды тәрк ет­ке­ні үшін жә­не шаш ал­ғы­зу­ды не­ме­се қыс­қар­ту­ды ке­шік­тір­ге­ні үшін жа­за өтеу қа­жет емес. Қа­жы­лы­ғы дұ­рыс ат­қа­рыл­ды деп есеп­те­ле­ді. Бі­рақ се­беп­тер адам­дар­дың қалауы­мен бол­са, мы­сал­ға, бір қыл­мыс іс­теп, түр­ме­де тұ­тыл­са, орын­дай ал­ма­ған уә­жіп­те­рі үшін жа­за өтеу ке­рек.

Муз­дә­ли­фә­да уақ­фа жасау (қа­жы­лық­тың бі­рін­ші уәжі­бі)

Муз­дә­ли­фә – Ара­фат пен Ми­на­ның ор­та­сын­да ор­на­лас­қан жер­дің аты. Қа­жы­лық­та Ара­фа кү­ні­нің құр­бан айтқа қа­ра­ған тү­нін то­лық Муз­дә­ли­фә­да өт­кі­зу – сүн­нет, уақ­фа (бір ме­зет ғи­ба­дат ниеті­мен тұ­ру) жа­сау – уә­жіп. Муз­дә­ли­фә­ның «мұ­хас­сар» де­ген же­рі­нен бас­қа бар­лық же­рін­де уақ­фа жа­сауға бо­ла­ды.

Уақ­фа­ның дұ­рыс орын­да­луы­ның шарт­та­ры

Қа­жы­лық жа­сау ниеті­мен их­рам­ды бо­лу

Ара­фат уақ­фа­сын жа­са­ған бо­лу

Уақ­фа­ны Муз­дә­ли­фә аума­ғын­да жасау. «Ма'шар-Ха­рам» жақ­та жа­сау – сүн­нет.

Құр­бан айт кү­ні таң­ның атуы­нан бас­тап, күн­нің шы­ғуына дейін­гі уа­қыт­та жасау. Кім­де-кім таң ат­пас­тан ке­тіп қа­лып, қай­тып Муз­дә­ли­фә­ға кел­ме­се уақ­фа­сы дұ­рыс бол­майды. Бұл – Ха­на­фи мәз­һа­бын­да. Ал Ша­фи­ғи, Хан­ба­ли мәз­һаб­та­рын­да уақ­фа­ның уақы­ты түн­нің екін­ші жар­ты­сы­нан бас­та­ла­ды. Бұл мәз­һаб­тар­да таң­ның атуы­мен уақ­фа уақы­ты шы­ғып, таң ат­қан­нан кейін жа­сал­ған уақ­фа дұ­рыс бол­майды.

Түн­ді Муз­дә­ли­фә аума­ғын­да өт­кі­зіп, таң на­ма­зын ер­те­рек оқып, на­маз­дан кейін тәк­бір, зі­кір ай­тып, дұ­ға жа­сап, уақ­фа­ны жа­рық бол­ған­ға дейін жал­ғас­ты­рып, күн шық­пас­тан Ми­на­ға қа­рай бет алу – сүн­нет.

Ақ­шам жә­не Құп­тан на­маз­да­рын «жам­ғу-та­хир­мен» оқу

Жам­ғу-та­хир – бі­рін­ші на­маз­дың уақы­ты шық­қан­нан кейін екін­ші на­маз­дың уақы­тын­да екі на­маз­ды бір­ге қо­сып оқу. Ара­фа кү­ні ақ­шам жә­не құп­тан на­маз­да­рын құп­тан уақы­тын­да Муз­дә­ли­фә­да бір­ге, қо­сып оқу – уә­жіп. Азан оқы­лып, қа­мат тү­сі­ріл­ген­нен кейін ақ­шам на­ма­зы­ның па­ры­зы оқы­ла­ды. Сә­лем бер­ген соң, тәш­риқ тәк­бі­рі айты­ла­ды. Со­сын азан ша­қы­рыл­мас­тан, қа­мат тү­сі­ріл­мес­тен құп­тан на­ма­зы­ның па­ры­зы оқы­ла­ды. Сә­лем­нен кейін тәш­риқ тәк­бі­рі айты­ла­ды. Осы­лайша ақ­шам мен құп­тан на­маз­да­ры бір азан, бір қа­мат­пен құп­тан уақы­тын­да оқы­ла­ды. Со­сын құп­тан­ның соң­ғы сүн­не­ті мен үтір уәжі­бі оқы­ла­ды. Ақ­шам на­ма­зы­ның па­ры­зын оқы­ған­нан кейін сүн­не­тін оқу – мәк­рүһ.

Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру (Қа­жы­лық­тың екін­ші уәжі­бі)

Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру: Қа­жы­лар­дың құр­бан айт күн­де­рін­де Ми­на­да бір-бі­рі­не жа­қын ара­қа­шық­та ор­на­лас­қан тік­теулі тұр­ған үш шай­тан тас­қа кіш­кен­тай-кіш­кен­тай тас лақ­ты­ру­ла­ры – қа­жы­лық­тың уә­жіп­те­рі­нің біреуі. Бұл тік­теулі тас­тар: Кіш­кен­тай шай­тан (жәм­ра), Ор­та шай­тан (жәм­ра) жә­не Үл­кен шай­тан (Ақа­ба жәм­ра­сы).

Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­дың уақы­ты (Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру уақы­ты – Құр­бан айт­тың төрт кү­ні)

Айт­тың ал­ғаш­қы кү­ні (Зил­хиж­жа­ның 10-ы)

Айт­тың ал­ғаш­қы кү­ні тек қа­на Үл­кен шай­тан­ға (Ақа­ба жәм­ра­сы­на) же­ті тас лақ­ты­ры­ла­ды. Ал­ғаш­қы тас лақ­ты­ры­лы­сы­мен қа­жы­лық­тың ба­сы­нан айты­лып ке­ле жат­қан «тәл­бия» дұ­ға­сы тоқ­та­ла­ды. Бұ­дан кейін тәл­бия ай­тыл­майды. Айт­тың бі­рін­ші кү­ні шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­дың уақы­ты – таң аты­сы­мен бас­та­лып, ер­те­сі кү­ні таң ат­қан­ға дейін­гі мер­зім. Айт­тың бі­рін­ші кү­ні күн шық­пас­тан шай­тан­ға тас лақ­ты­ру – мәк­рүһ, күн шық­қа­нан кейін түс­ке дейін лақ­ты­ру – сүн­нет, түс­тен кейін күн бат­қан­ға дейін лақ­ты­ру – жәйіз (рұқ­сат етіл­ген), се­беп­сіз күн бат­қан­нан кейін лақ­ты­ру – мәк­рүһ. Адам­дар­дың ты­ғыз­ды­ғы­на байла­ныс­ты күн бат­қан­нан кейін лақ­ты­ру мәк­рүһ са­нал­майды. Күн бат­қан­нан кейін лақ­ты­ру­дың мәк­рүһ бо­луы­ның се­бе­бі, лақ­ты­рыл­ған тас­тар­дың, қа­раң­ғы бол­ған­дық­тан шай­тан тас­қа ти­мей қа­луы жә­не бас­қа адам­дар­ға зиян тию қаупі бол­ған­дық­тан. Бі­рақ қа­зір ар­найы жа­рық­тан­ды­ру жүйеле­рі қол­да­ныл­ған­дық­тан, атал­мыш се­беп­тер кез­дес­пей жә­не күн­діз адам ты­ғыз бол­ған­дық­тан, күн бат­қан­нан кейін лақ­ты­ру­дың еш мәк­рүні­гі жоқ.

Айт­тың екін­ші жә­не үшін­ші күн­де­рі (Зил­хиж­жа­ның 11-і жә­не 12-сі)

Айт­тың екін­ші жә­не үшін­ші күн­де­рі әр үш шай­тан тас­қа (кіш­кен­тай, ор­та жә­не үл­кен­ге рет-ре­ті­мен) же­ті же­ті­ден – 21 тас лақ­ты­ры­ла­ды. Бұл күн­дер­де­гі тас лақ­ты­ру уақы­ты – түс­тен кейін бас­та­лып, ер­те­сі күн­гі таң ат­қан­ға дейін­гі уа­қыт. Бұл екі күн­де түс­ке дейін тас лақ­ты­ру­ға бол­майды.

Айт­тың төр­тін­ші кү­ні (Зил­хиж­жа­ның 13-ші)

Айт­тың төр­тін­ші кү­ні үш шай­тан тас­тың әр­қайсы­сы­на же­ті-же­ті­ден 21 тас лақ­ты­ру аб­зал, бі­рақ лақ­тыр­ма­са да бо­ла­ды. Лақ­ты­рыл­ма­ған жағ­дайда бар­лық лақ­ты­рыл­ған тас­тың са­ны – 49. Ал, лақ­ты­рыл­са, 70 бо­ла­ды. Лақ­тыр­май­тын жағ­дайда, Ми­на­дан таң ат­пай қайту ке­рек, алайда төр­тін­ші кү­ні де тас лақ­ты­ру уә­жіп бо­лып қа­ла­ды. Ми­на­ның Мек­ке жақ­та­ғы ше­ка­ра­сы Ақа­ба жәм­ра­сы (Үл­кен шай­тан тас) бо­лу­да. Сол Ақа­ба жәм­ра­сы­нан өту ар­қы­лы Ми­на­дан шық­қан­ға са­на­ла­ды.

Ха­на­фи мәз­һа­бын­да­ғы Имам Әбу Юсуп жә­не Имам Мұ­хам­мед­тің пі­кі­рі­не сүйен­сек, айт­тың төр­тін­ші кү­ні тас лақ­ты­ру­дың уақы­ты түс­тен кейін бас­та­ла­ды. Түс­ке дейін лақ­ты­ру­ға бол­майды. Ал Әбу Ха­ни­фа­ның айтуын­ша, таң­ның атуы­мен бас­та­лып, күн бат­қан­ға дейін­гі уа­қыт. Таң ат­қан­нан күн шық­қан­ға дейін – мәк­рүһ, ал, күн шық­қа­ннан түс­ке дейін лақ­ты­ру – жәйіз[2], түс ау­ған­нан кейін күн бат­қан­ға дейін лақ­ты­ру – сүн­нет.

Төр­тін­ші кү­ні тас лақ­ты­ру уақы­ты күн бат­қан­нан кейін бі­те­ді. Лақ­ты­рыл­май қал­ған әр күн­нің та­сын сол кү­ні күн бат­қан­ға дейін лақ­ты­ру – уә­жіп.

Лақ­ты­ры­ла­тын тас­тар­ды Муз­дә­ли­фә­дан не­ме­се Мұ­хас­сир жо­лы­нан не­ме­се нә­жіс (лас) бол­ма­ған кез кел­ген жер­ден жи­науға бо­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) бұйры­ғы бойын­ша, Иб­ну Аб­бас тас­тар­ды Муз­дә­ли­фә­дан жи­на­ған.

Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­дың дұ­рыс орын­да­лу шарт­та­ры

  1. Тас­тар­ды өз қо­лы­мен лақ­ты­ру. Тас­тар­ды құ­рал­мен ату­ға не­ме­се лақ­тыр­май қол­дан-қол­ға бе­ріп, шай­тан тас­тар­дың үс­ті­не қоюға бол­майды.
  2. Ха­на­фи мәз­һа­бын­да лақ­ты­ры­ла­тын нәр­се­лер­дің тас не­ме­се құр­ға­ған бал­шық сияқ­ты то­пы­рақ тү­рі­нен болуы. Ша­фи­ғи мәз­һа­бын­да тек қа­на тас лақ­ты­ры­ла­ды.
  3. Же­ті тас бө­лек-бө­лек лақ­ты­ры­луы тиіс. Бар­лы­ғы бір­ге лақ­ты­рыл­са, бір тас бо­лып есеп­те­ле­ді.
  4. Тас­тар­ды ті­гіл­ген шай­тан тас­қа ти­гі­зу не­ме­се айна­ла­сын­да­ғы бел­гі­лен­ген орын­ға тү­сі­ру.
  5. Лақ­ты­рыл­ған тас­тар бел­гі­лен­ген орын­ға лақ­ты­ру­шы­ның іс-әре­ке­ті­мен жетуі. Мы­сал­ға, тас лақ­ты­рыл­ған уа­қыт­та бі­реу­дің де­не­сі­не тиіп, со­сын ол адам тас­ты ары қа­рай лақ­ты­рып жет­кіз­се, дұ­рыс емес. Қайта­дан лақ­ты­ру ке­рек. Жер­ге тиіп не­ме­се бір нәр­се­ге со­ғы­лып ба­рып бел­гі­лен­ген орын­ға тиіп не­ме­се тү­сіп жат­са, дұ­рыс­қа есеп­те­ле­ді.
  6. Тас­тар­ды ар­найы бел­гі­лен­ген уа­қыт­та лақ­ты­ру.
  7. Ша­ма­сы жет­кен­дер­дің тас­тар­ды өз­де­рі лақ­тыруы. Тұ­рып на­маз оқи ал­май­тын­дай дә­ре­же­де­гі ауру­лар орын­да­ры­на бас­қа бі­реуді өкіл етіп, лақ­тыр­ту­ла­ры­на бо­ла­ды.

Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­да­ғы сүн­нет­те­рі

  1. Тас­тар­ды 3-4-5 метр ара­қа­шық­тан лақ­ты­ру
  2. Же­ті тас­ты бі­рі­нен кейін бі­рін лақ­ты­ру
  3.  Айт­тың 2,3,4-ші күн­де­рі, бі­рін­ші – Кіш­кен­тай шай­тан тас­қа, екін­ші – Ор­та шай­тан тас­қа, үшін­ші – Үл­кен шай­тан тас­қа же­ті-же­ті тас­тан лақ­ты­ру
  4. Әр­бір тас­ты лақ­тыр­ған сайын «Бис­мил­лә­һи, Аллау әк­бар, рағ­ман лиш-шайта­ни уа хиз­биһ» деп айту. Ма­ғы­на­сы: «Алла ұлы, шай­тан жә­не оған ер­ген­дер қа­ла­ма­са да».
  5. Лақ­ты­ры­ла­тын тас­тар­дың жү­ге­рі­ден үл­кен, жаң­ғақ­тан кіш­ке­не бол­ға­ны дұ­рыс.
  6. Тас­тар­ды айт­тың ал­ғаш­қы кү­ні түс­ке дейін, қал­ған күн­де­рі түс­тен кейін күн бат­қан­ға дейін лақ­ты­ру
  7. Кіш­кен­тай жә­не Ор­та шай­тан тас­тар­ға тас лақ­тыр­ған­нан кейін бір шет­ке тұ­рып, әке-ше­ше­сі­не жә­не дін­дес бауыр­ла­ры­на дұ­ға жа­сап, ті­лек тілеу.
  8. Ақа­ба жәм­ра­сы­на (Үл­кен шай­тан тас­қа) тас­тар­ды Мек­ке­ні оң жа­ғы­на алып, Ми­на­ны сол жа­ғы­на алып лақ­ты­ра­ды. Қал­ған екі Ор­та жә­не Кі­ші шай­тан тас­қа тас­тар­ды кез-кел­ген жақ­тан лақ­ты­ру­ға бо­ла­ды.

Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­дың мәк­рүһте­рі

  1.  Бел­гі­лен­ген орын­ға жет­пей қал­ған тас­тар­ды алып қайта­дан лақ­ты­ру
  2.  Шай­тан тас­тан бас­қа­лар­дың лақ­тыр­ған тас­та­ры­нан жи­нап алып лақ­ты­ру
  3.  Нә­жіс ти­ген тас­тар­ды лақ­ты­ру
  4.  Бір тас­ты сын­ды­рып, бір­не­ше тас жа­сап лақ­ты­ру
  5.  Бір шай­тан тас­қа бір күн­де же­ті­ден ар­тық тас лақ­ты­ру
  6.  Шай­тан тас­қа аяқ киім, шү­бе­рек сияқ­ты нәр­се­лер­ді лақ­ты­ру

Шай­тан­ға тас лақ­ты­ру­да өкіл­дік

Ис­лам – же­ңіл­дік ді­ні, сон­дық­тан тү­ре­геп тұ­рып на­маз оқи ал­май­тын­дай дә­ре­же­де ауру не кә­рі кі­сі­лер өз­де­рі­нің ор­ны­на бас­қа адам­ды өкіл жа­сап, лақ­тыр­ту­ла­ры­на бо­ла­ды. Өкіл адам­дар бі­рін­ші өз­де­рі үшін лақ­ты­рып, со­дан кейін бас­қа­сы­ның ор­ны­на лақ­ты­ра­ды. Бі­рақ, күн­діз лақ­ты­ра ал­ма­ған­дар түн­де лақ­ты­ра ала­тын бол­са, күн­діз бас­қа бі­реуге лақ­тыр­ту­ға бол­майды. Түн­де өз­де­рі лақ­ты­ра­ды.

Лақ­ты­рыл­май қал­ған тас­тар­дың қа­за­сы бо­ла ма?

Уақы­тын­да лақ­ты­рыл­ма­ған тас­тар­дың тас лақ­ты­ру күн­де­рі қа­за еті­ліп, лақ­ты­ры­луы уә­жіп. Тас лақ­ты­ру күн­де­рі айт­тың төр­тін­ші кү­ні күн­нің ба­туы­мен аяқ­та­ла­ды. Төр­тін­ші кү­ні күн бат­қан­нан кейін лақ­ты­рыл­ма­ған тас­тар қа­за етіл­мейді. Әбу Ха­ни­фа­ның айтуын­ша, лақ­ты­рыл­ма­ған тас­тар айт­тың төр­тін­ші кү­ні күн бат­қан­ға дейін қа­за етіл­се де, жа­за өтеу түс­пейді. Ал Имам Юсуп пен Имам Мұ­хам­мед­тің айту­ла­рын­ша, жа­за тү­се­ді.

Са­фа, Мә­руа тө­бе­ле­рі­нің ара­сын­да жү­гі­ру (қа­жы­лық­тың үшін­ші уәжі­бі)

Са­ғи (араб ті­лін­де) – шап­шаң жү­ру, жү­гі­ру де­ген ма­ғы­на­ны біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы: Мәс­жи­дул-Ха­рам жақ­та ор­на­лас­қан Са­фа жә­не Мә­руа тө­бе­ле­рі­нің ара­сын­да Са­фа тө­бе­ші­гі­нен бас­тап, Мә­руада аяқ­тау шар­ты­мен төрт рет ба­рып, үш рет қай­тып ке­лу. Са­фа­дан Мә­руаға ба­ру – бір рет, Мә­руа­дан Са­фа­ға қай­тып ке­лу – та­ғы бір рет бо­лып есеп­те­ле­ді.

Са­фа мен Мә­руа­ның ара­сын­да са­ғи ету – қа­жы­лық уә­жіп­те­рі­нің біреуі. Алла Та­ға­ла «Ба­қа­ра» сү­ре­сі­нің 158-ая­тын­да: «Са­фа жә­не Мә­руа Алланың ны­шан­да­ры­нан,кім­де-кім қа­жы­лық не­ме­се ум­ра жа­сау ниеті­мен Қағ­ба­ны зия­рат ет­се, Са­фа мен Мә­руаны тауап етуін­де кү­нә жоқ»,– деп са­ғи­дің ма­ңыз­ды­лы­ғын біл­дір­ген.

Қа­жы­лық үшін жа­сал­ған са­ғи – қа­дум яки зия­рат тауап­та­ры­нан кейін орын­да­ла­ты­ны сияқ­ты, ум­ра үшін жа­са­ла­тын са­ғи, ум­ра тауабы­нан кейін жа­са­ла­ды. Са­ғи әр­қа­шан тауап­тан кейін іс­те­ле­ді. Са­ғи­ді тауап­тан кейін де­реу жа­сау – шарт бол­ма­ға­ны­мен өте ма­ңыз­ды сүн­нет.

Бөлісу: