25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Рамазанда қандай құлшылықтарға басымдық беру керек?

Рамазанда қандай құлшылықтарға басымдық беру керек?

Ораза

Рамазан – Құран түскен ай. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазан айында Құран оқып, көп садақа бергені жайында риуаяттар бар.

Ғұламалар да қасиетті айда басқа ғылыми жұмыстарын тоқтатып, Құран оқуға ерекше көңіл бөлетін. Ибн Аббас (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі адамдар арасында ең жомарты еді. Рамазан айында Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) періштемен жиі жолыққанда, одан өткен мәрт адам болмайтын еді. Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) рамазанның әр кешінде Пайғамбарымызбен бірге Құран оқитын. Жәбірейілмен (оған Алланың сәлемі болсын) жолыққан кездерінде Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жерге береке әкелетін желден де жомарт болып кететін еді», – деп Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оразасы жайлы айтқан. Имам Ибн Рәжәб (Алла оны рақымына алсын) жоғарыдағы риуаятты түсіндіре келе мына себептерді атап өткен: «(Рамазан айындағы) Уақыттың қасиеті. Бұл кезде амалдардың сауабы еселене түспек.

Имам Тирмизидің хадис жинағында: «Ең жақсы садақа – рамазанда жасалған садақа», – делінген. Бұл айда Алла Тағала жомарттық жасап, құлдарына мейірімін төгеді, кешірім жасайды, олардың кейбірін тозақтан шығарады, әсіресе қадір түнінде. Ендеше қайсыбір пенде аш адамды тойдырса, мейірімділік еткені болмақ. Алла Тағала мейірімді құлдарына рақымын төгеді. Ал, кімде-кім Алла разылығын көздеп қайырымдылық етсе, Алла да оған жомарттық танытады. Ораза мен садақаның бірге қатар жүруі – жәннатқа апарар жол екенін көрсетеді...», – дейді.

материал «Оразаға қатысты 200 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: