25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ғұсылы болмай істеген тамақ арам болады деген рас па?

Ғұсылы болмай істеген тамақ арам болады деген рас па?

Намаз

ғұсылы болмай істеген тамақ - адал, әрі таза. Тамақ істеуші кісінің ғұсылсыз болуы тамақты арам қылмайды.

Мәселен, әйел затында әр ай сайын белгілі уақыт хайыз келеді. Бұл дегеніміз, қашан хайызы тоқтап, тазарғанға дейін әйел кісінің ғұсылы болмайды деген сөз. Егер ғұсылсыз істелінген тамақ арам десек, әйел кісінің хайызы тоқтағанға шейін тамақ істемеуі керек болады, бұл мүмкін емес жағдай. Сондықтан да, төл дініміз мұндай бір тыйым қоймаған. Ендеше, ғұсылы бұзылған әйел толық дәретін алып, тамағын істей берсе болады, ғұсылы болмауы істеген тамағының адалдығына нұқсан келтірмейді. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин! 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: